Қазақстан, Түрікменстан және Ауғанстан жаңа теміржол магистралінің құрылысын талқылады

Жаңалықтар
22.07.2024, 15:54

Ақтаудағы алғашқы көлік сауда-экспорттық форум аясында Қазақстан, Түрікменстан және Ауғанстан өкілдерінің үшжақты кездесуі өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тараптар Түрікменстанның батыс шекарасынан Ауғанстан арқылы Пәкістанға және одан әрі Үндістанға өтетін Тургунди – Герат – Кандагар – Спин – Булдак жаңа теміржол магистралін салу мүмкіндіктерін талқылады.

Үкіметтің ресми сайтында жарияланған мәліметке сүйенсек, бұл жобаны жүзеге асыруға Түрікменстан Министрлер Кабинеті жанындағы Көлік және коммуникациялар агенттігінің басшысы Мамметхан Чакыев бірлесіп қатысуды ұсынған. Оның айтуынша, түрікмен тарапы ауғанстандық әріптестерімен Тургундида логистикалық орталық құруға келіскен және жақын арада құрылысқа кірісуге ниетті.  

Астықты, контейнерлерді және басқа да жүктерді ауыстырып тиеу үшін нысандар салу жоспарлануда. Жоба іске қосылғаннан кейін логистикалық орталық Тургунди тарапынан жүк айналымының артуына серпін береді деп күтілуде.

«Біз қазақстандық тарапты құрылысқа қатысуға шақырамыз. Сіздерде жоғары теміржол төсемінің сапалы өндірісі бар екені белгілі. Басқа да көптеген мүмкіндік бар. Тургунди – Герат бұл тек теміржол құрылысы емес, сонымен қатар жүк ағынын одан әрі дамыту, осы бағыт бойынша жүктерді тарту. Қазақстандық тараптың қатысуымен біз осы дәліздің тартымдылығын бірнеше есе арттыра аламыз», — деп атап өтті Мамметхан Чакыев.

Ауған тарапының өкілдері Қазақстан мен Түрікменстан арқылы Пәкістанға жүктердің транзитін қамтамасыз етуге дайын екендіктерін білдірді. Олар тасымалдау процесінің барлық қатысушысы үшін осы дәлізді дамытудың тиімділігін атап өтіп, Қазақстан мен Түрікменстан аумақтары арқылы қытай тауарларын импорттауға қызығушылық білдірді.

«Біз жаңа теміржол бағытын бірлесіп жүзеге асыру туралы ұсыныстарды құптап, Түрікменстан мен Ауғанстанның Тургунди – Герат жолын салу жоспары бар екенін естігенімізге қуаныштымыз. Жоба тараптарының күш біріктіруі өте маңызды. Біз Түрікменстан идеясын қолдаймыз, бұл іс жүзінде Ауғанстан арқылы Пәкістанға және одан әрі Үндістанға батыс дәліз құрылысының басталуы», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.  

Сонымен қатар Қазақстан вице-премьері Иран делегациясымен кездесу өткізіп, онда көлік және логистика инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бірлескен ниеттерді іске асыру барысы талқыланды.

 

Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті