Маңғыстау ЖТ бөлімшесі: Әлеуметтік маңызды жүктерді тасымалдау көлемі екі есе өсті

Аймақтар
05.12.2018, 09:07

Ақтау қаласында 2018 жылдың өткен кезеңі үшін әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау қорытындылары бойынша брифингте «ҚТЖ –Жүк тасымалы» АҚ Маңғыстау филиалының директоры Нажимеден Губашов сөз сөйледі.  Журналистермен кездесу барысында ол Маңғыстау бөлімшесі арқылы тасымалданатын негізгі жүктер дәнді дақылдар, құрылыс материалдары, қиыршық тастар, халық тұтынатын тауарлар, металл бұйымдары екендігін айтып берді. 

- Жалпы, 2018 жылдың 10 айы ішінде біздің бөлімше арқылы 4 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 23% артық, - деді Н. Губашов. 

Филиал ҚР транзиттік әлеуетін дамытуда маңызды рөл атқарады және Оазис, Болашақ шекаралық станциялары, Құрық және Ақтау халықаралық теңіз порттары арқылы Өзбекстан, Түркіменстан және Каспий маңы елдеріне жүк тасымалын жүзеге асырады. 

Осылайша, бөлімшенің теміржолшыларымен Ақтау теңіз сауда порты арқылы арпа, Болашақ шекаралық теміржол станциясы арқылы Түркіменстан, Ауғанстан мен Иранға - астық, бидай, ұн және макарон бұйымдары тасымалданады. 

Ақтау теңіз сауда порты арқылы жүк тасымалдау көлемі артуда, жүктерді ауыстырып тиеу қуаты 17,7 млн. тоннаны құрайды. Порт аумағында орналасқан «Ақ Бидай-Терминал» АҚ-ның астық терминалында жалпы көлемі 22,5 мың тонна болатын астықты уақытша сақтауға арналған 11шұңқыры бар. Ауыстырып тиеу бойынша терминалдың көлік коммуникацияларының өндірістік қуаты сағатына 350 тонна астықты құрайды, бұл теміржол вагондарынан тәулігіне 3 мың тоннаға дейін астық қабылдауға, ал теңіз кемелеріне күніне 4 мың тоннаға дейін астық тиеуге мүмкіндік береді 

2018 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша «Ақбидай» және «Солтүстік» астық терминалдары арқылы 343 кемеге 1,3 млн. тоннадан астам астық тиелді, бұл өткен жылдың ұқсас көрсеткіштерінен 2 есеге артық. 

Нажимеден Губашов жүк операциялары кезінде вагондар айналымының уақытын қысқарту үшін тасымалдау процесінің барлық қатысушыларына кемелерді жалдау уақытын ескере отырып, үйлесімді және шоғырландырылған жұмыстың қажет екендігін атап өтті. 

- Транскаспийлік халықаралық көлік бағыты бойынша мультимодальды тасымалдауларды дамыту шеңберінде, тасымалданатын жүктердің көлемін 2018 жылдың соңына қарай 4 млн. тоннаға дейін, яғни 2 есеге арттыру жоспарлануда, - деді спикер. 

Қазіргі уақытта осы бағыт бойынша контейнерлерде бидай, халық тұтыну тауарлары, комбайндар, мұнай, газойл сияқты жүктерді тасымалдау жүзеге асырылуда. 

Аймақтың теміржолшылары әлеуметтік маңызы бар және басқа да жүктерді тасымалдау бойынша одан әрі тиімді жұмыс жасауды көздеуде.

"ҚТЖ"

Жаңалықтар
22.07.2024
Қазақстан, Түрікменстан және Ауғанстан жаңа теміржол магистралінің құрылысын талқылады
Инфрақұрылым
22.07.2024
Күрделі жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда
Әлеумет
22.07.2024
Теміржолшылардың балалары лагерге аттанды
Спорт
22.07.2024
Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай Таразда спартакиада өтті
Жаңалықтар
22.07.2024
Ауғанстан, Түрікменстан және Өзбекстан делегациясы Бейнеу астық терминалының мүмкіндігімен танысты
Жолаушылар тасымалы
22.07.2024
Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арнайы безендірілген пойыз жолға шықты
Темір жол тарихы
21.07.2024
«Алатау» жүрдек пойызы қалай пайда болды?
Жаңалықтар
19.07.2024
Жаңа – Есіл локомотив депосының паркі жаңартылды
Жаңалықтар
19.07.2024
Мемлекеттік тілді дамыту бойынша өткен байқаудың жеңімпаздары анықталды
Станция тынысы
19.07.2024
Шағыр станциясында жүк тиеп жөнелту артып келеді
Аймақтар
19.07.2024
«Жасыл істер марафонында» Жамбыл бөлімшесі бірінші орынды жеңіп алды
Жүк тасымалы
19.07.2024
Биыл Қытайға 2 млн тоннадан астам астық экспортталмақ
Сұхбат
19.07.2024
Барлық сын-тегеурінге төтеп бердік
Инфрақұрылым
19.07.2024
11 мың шақырым теміржол жөндеуден өтеді
Жаңалықтар / Мұрағат
19.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №59 19 шілде 2024 жыл
Қауіпсіздік
18.07.2024
Темір жолдағы химиялық апаттарды жою бойынша оқу-жаттығу өтті
Әлеумет
18.07.2024
50 бала лагерьге аттанды
Қауіпсіздік
18.07.2024
Жанып келе жатқан жолаушылар пойызы сөндірілді
ҚТЖ келбеті
18.07.2024
Велосаяхатшы сапарға шықты
Жүк тасымалы
18.07.2024
Қазақстанда теміржол көлігімен тасымалданатын шикізаттық емес экспорт көлемі артты