Шымкенттік теміржолшылар рельстер мен шпалдардың жай-күйін тағы бір тексерді

Аймақтар
20.12.2018, 11:40

Шымкент жол дистанциясы бастығының орынбасары Н. Бастаровтың басшылығымен жолшылар қауымы қысқа кірер алдын жол табанын тағы бір тексеруден өткізді. 

Желтоқсан айының басында дистанция жұмысшылары негізгі бас жолдардан – 109,3 шақырым, станция жолдарынан – 22,7 шақырым, бағыттама бұрмалардан – 79 жиынтық, екінші тексеруде негізгі бас жолдардан – 106,5 шақырым, станциялық жолдардан – 39,4 шақырым, бағыттама бұрамалардан 140 жиынтықты түгел мұқият қарап шықты. Айта кетейік, күрделі жөндеуден мерзімі өткен шақырымдар ақаутапқыш арбалардың көмегімен тексерілді.

Сонымен қатар дистанцияның бас инженері Н. Жарылқаповтың жетекшілігімен 1,2, 3, 4,5, 6, 8, 10, 12, 14 жол айналымдары мен 16, 17, 18, 19 цехтар тексеруден өткізіліп, қауіпсіздігіне мұқият көңіл бөлінді.

Өздері «қыс алдындағы емтихан» деп атаған жұмыстарды атқару кезінде теміржолшылар жолдың шпал асты лайланған учаскелерін анықтады. Бұдан бөлек, бунақтардың бойлық бағыттағы жылжуы мен ығысуына бақылау жүргізді. Жолдан шыққан жарамсыз материалдар жиыстырылып, өндірістік-техникалық ғимараттар мен темір жол алабы талапқа сай ретке келтірілді. Түйіспесіз жолдардың температуралық режимге дұрыс бекітілуі де тексерілді. Рельс тізбегі мен ажыратқыш түйіспелердің жай-күйі, жол белгілері, сым қоршаулардың жағдайы да ұмыт қалмады. Нәтижесінде, шымкенттік жолшылар қыс маусымына жол табаны толық дайын деген қорытындыға келді.

Жансая СЫДЫҚБАЙ, Шымкент

Суретті түсірген автор


Жаңалықтар
22.07.2024
Қазақстан, Түрікменстан және Ауғанстан жаңа теміржол магистралінің құрылысын талқылады
Инфрақұрылым
22.07.2024
Күрделі жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда
Әлеумет
22.07.2024
Теміржолшылардың балалары лагерге аттанды
Спорт
22.07.2024
Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай Таразда спартакиада өтті
Жаңалықтар
22.07.2024
Ауғанстан, Түрікменстан және Өзбекстан делегациясы Бейнеу астық терминалының мүмкіндігімен танысты
Жолаушылар тасымалы
22.07.2024
Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арнайы безендірілген пойыз жолға шықты
Темір жол тарихы
21.07.2024
«Алатау» жүрдек пойызы қалай пайда болды?
Жаңалықтар
19.07.2024
Жаңа – Есіл локомотив депосының паркі жаңартылды
Жаңалықтар
19.07.2024
Мемлекеттік тілді дамыту бойынша өткен байқаудың жеңімпаздары анықталды
Станция тынысы
19.07.2024
Шағыр станциясында жүк тиеп жөнелту артып келеді
Аймақтар
19.07.2024
«Жасыл істер марафонында» Жамбыл бөлімшесі бірінші орынды жеңіп алды
Жүк тасымалы
19.07.2024
Биыл Қытайға 2 млн тоннадан астам астық экспортталмақ
Сұхбат
19.07.2024
Барлық сын-тегеурінге төтеп бердік
Инфрақұрылым
19.07.2024
11 мың шақырым теміржол жөндеуден өтеді
Жаңалықтар / Мұрағат
19.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №59 19 шілде 2024 жыл
Қауіпсіздік
18.07.2024
Темір жолдағы химиялық апаттарды жою бойынша оқу-жаттығу өтті
Әлеумет
18.07.2024
50 бала лагерьге аттанды
Қауіпсіздік
18.07.2024
Жанып келе жатқан жолаушылар пойызы сөндірілді
ҚТЖ келбеті
18.07.2024
Велосаяхатшы сапарға шықты
Жүк тасымалы
18.07.2024
Қазақстанда теміржол көлігімен тасымалданатын шикізаттық емес экспорт көлемі артты