Тараз теміржолшылары: Қараусыз қалған үй жануарларынан пойыздар қозғалысына кедергі көп

Аймақтар
24.01.2019, 18:14

Темір жолдың бойындағы қарбалас тіршілікте естен шығармайтын, үнемі назарда ұстайтын бұлжымас ережелер мен қағидалар қалыптасқан. Солардың бірі – қауіпсіздік, әсіресе адам өмірінің қауіпсіздігі басты орында.  

Темір жол қауіптілігі жоғары аумақ деп бекер айтылмаған. Десек те, соңғы кезде тұрғындардың теміржолды рұқсат етілмеген жерлерден әрі-бері кесіп өтіп, мал мен жанның қауіп-қатерге ұрынуы жиілеп кеткені жасырын емес. Отар станциясы әрісі Алматы, берісі Жамбыл аралығындағы станция болғандықтан пойыздар қозғалысы жиі, 4500-дей халқы бар бекет. Станция бастығы Азат Есентайдың айтуынша, тұрғындар әсіресе мектепке барар және қайтар жолда бекет тұсындағы көпірмен емес, көбіне станция ғимаратының жанындағы жұмысшыларға ғана арналған қызметтік жолақтан өтуді әдетке айналдырған.    

– Мұны әркім білуі тиіс. Біз ауыл тұрғындарына, мектепке барып оқушыларға қауіпсіздік ережелерін тынбай түсіндіріп, малы барларға төрт түліктерінің пойыз астына түсіп қалмауы үшін ұдайы түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Жол ережесін бұзғаны үшін қандай айыппұлдар салынатынын да ескертеміз. Отар ауылының бір бөлігі темір жолдың арғы бетінде орналасқандықтан, тұрғындар темір жол қызметкерлеріне арналған қызметтік жолмен жиі өтіп жатады. Әріректе темір жол бекеті қасында аспалы өткел тұр. Ол көпірмен де өтетіндер бар. Бірақ ол жаққа баруға ерінетін кейбір адамдар, өз өмірлерін қауіпке тігіп, рұқсат етілмеген жерлерден өтіп, жолдарын қысқартып жатады. Жол қысқартамын деп, өмірлерін де қысқартып алмаса дейміз біз. Осылай ереже бұзып, асығыс өтіп бара жатқан талай адамды тоқтатып, ескерту жасадым, – дейді Отар станциясының басшысы А.Есентай.

Жуырда станция басшылығы желілік полиция бөлімшесімен бірге кезекті рейд өткізді. Рұқсат етілмеген жерден өткен тұрғындарға темір жолды кесіп өтудің қауіптілігі мен салдары түсіндірілді. Талай адам ендігәрі ереже бұзбауға уәде берді. 

– Рұқсат етілмеген учаскелер арқылы теміржолды кесіп өткен заң бұзушыларға 3 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Былтыр ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 559-бабының 1-бөлігі бойынша темір жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесін бұзған 13 адам тіркеліп, әкімшілік хаттама толтырылды. Олар жол бойында малды қараусыз қалдырғаны үшін жауапқа тартылды. Ал аталған Кодекстің 259-бабы, 5-бөлігі бойынша темір жолдан рұқсат етілмеген жерден өткені үшін 78 адамға хаттама толтырылды. Біз көбіне халыққа жұмсақтық танытып, ескертіп қана қойып жатырмыз. Әрине, біз түсіндірме жұмыстары барысында өзге станцияларда болып жатқан кейбір бақытсыз оқиғалардан мысал келтіріп, қауіп-қатерді халықтың санасына жеткізуге тырысамыз. Көбісі өзінің дұрыс істемегенін түсініп жатады. Қайталамауға уәде береді. Қалай болған күнде де азаматтар өз өміріне жауапты болуды үйренгені абзал, – дейді бөлімше басшысы.

Жуырда ғана осы топ ауылдағы №41 Кенен Әзірбаев атындағы орта мектепте болып, оқушылар мен мұғалімдерді жинап, кездесу өткізіпті. Онда желілік полицияның аға лейтенанты А.Тұрабеков баяндама жасап, оқушыларға қауіпсіздік ережесі мен нұсқаулықтарды түсіндірген.  

– Жолдан көбіне оқушылар өтеді. Олар дәл станцияның қасындағы жолдан өте салғанды жөн көреді. Сол себепті, екі әскерилендірілген күзетші мен екі полицейіміз міндетті түрде кезекшілікке шығады. Кейде оқушылар балалықпен бе, әлде қызық көре ме, тоқтап тұрған вагондардың астымен өтіп жатады. Ал ол пойыз дәл сол сәтте қозғалып кетсе ше? Құдай бетін әрі қылсын, небір оқыс жағдай болуы әбден мүмкін ғой, – дейді станция бастығы.

 Тәулігіне станциядан ары-бері 35-ке жуық жолаушылар пойызы мен 40 жүк пойызы өтеді екен. Түркісібтің негізгі тармақтарының бірі болғандықтан бұл магистраль бойындағы жүктеменің көп болуы – заңдылық.

– Әскерилендірілген темір жол күзетімен де бірлесе жұмыс істейміз. Оларда 70 әскери күзетші бар. Ал малдың кесірінен локомотивтер шұғыл тоқтайтын болса, міндетті түрде айыппұл саламыз, себебі ол дегеніңіз, темір жолдың жұмысына үлкен кедергі келтіріп шығын әкелмек, – деген А.Есентай станцияның екі жағын малдан қорғау мәселесі де жіті назарда екенін жеткізді.

Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, Тараз 

Суретті түсірген автор 


Жаңалықтар
22.07.2024
Қазақстан, Түрікменстан және Ауғанстан жаңа теміржол магистралінің құрылысын талқылады
Инфрақұрылым
22.07.2024
Күрделі жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда
Әлеумет
22.07.2024
Теміржолшылардың балалары лагерге аттанды
Спорт
22.07.2024
Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай Таразда спартакиада өтті
Жаңалықтар
22.07.2024
Ауғанстан, Түрікменстан және Өзбекстан делегациясы Бейнеу астық терминалының мүмкіндігімен танысты
Жолаушылар тасымалы
22.07.2024
Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арнайы безендірілген пойыз жолға шықты
Темір жол тарихы
21.07.2024
«Алатау» жүрдек пойызы қалай пайда болды?
Жаңалықтар
19.07.2024
Жаңа – Есіл локомотив депосының паркі жаңартылды
Жаңалықтар
19.07.2024
Мемлекеттік тілді дамыту бойынша өткен байқаудың жеңімпаздары анықталды
Станция тынысы
19.07.2024
Шағыр станциясында жүк тиеп жөнелту артып келеді
Аймақтар
19.07.2024
«Жасыл істер марафонында» Жамбыл бөлімшесі бірінші орынды жеңіп алды
Жүк тасымалы
19.07.2024
Биыл Қытайға 2 млн тоннадан астам астық экспортталмақ
Сұхбат
19.07.2024
Барлық сын-тегеурінге төтеп бердік
Инфрақұрылым
19.07.2024
11 мың шақырым теміржол жөндеуден өтеді
Жаңалықтар / Мұрағат
19.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №59 19 шілде 2024 жыл
Қауіпсіздік
18.07.2024
Темір жолдағы химиялық апаттарды жою бойынша оқу-жаттығу өтті
Әлеумет
18.07.2024
50 бала лагерьге аттанды
Қауіпсіздік
18.07.2024
Жанып келе жатқан жолаушылар пойызы сөндірілді
ҚТЖ келбеті
18.07.2024
Велосаяхатшы сапарға шықты
Жүк тасымалы
18.07.2024
Қазақстанда теміржол көлігімен тасымалданатын шикізаттық емес экспорт көлемі артты