Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде өндіріс көрсеткіштері толығымен орындалып жатыр

Аймақтар
24.01.2019, 18:18

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша 2018 жылдың 12 айында жүк айналымы техникалық жоспар бойынша 9329,4 млнткмнеттоны құрап, жоспар 92,9 пайызды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда барлық 16 көрсеткіш толық орындалды.  

Мәселен, пайдаланым жүк айналымы – 104,7%, жүк тиеу – 108%, жүк вагоны өнімділігі – 121%, вагонның орташа тәуліктік жүрісі – 116,5%, жүк вагоны айналымы 121%, жергілік вагон айналымы – 107,4%, вагонның статистикалық салмағы – 101%, тиеулі вагонның динамикалық салмағы – 101,2%, бос жүк вагонының тиелгеніне шаққандағы жүріс пайызы – 105,6%, бір жүк операциясына вагонның тұруы – 144,6%, бір техникалық станцияда вагондардың тұруы – 113,2%, локомотив өнімділігі – 103,2%, локомотив жүрісі – 102%, пойыздың орташа салмағы – 1001, пойыздың учаскелік жылдамдығы – 101,9%, пойыздар қозғалысының техникалық жылдамдығы 107,7% болып орындалды. Жоспардың осындай көлемде орындалуына вагондардың жүк паркін сапалы пайдалану, жүк вагондарының өнімділігін, жүрісін арттыру, т.б. жағдайлар ықпал еткен.  

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің техникалық бөлім бастығы Темірхан Аманқұловтың айтуынша, Басқарма жоспарына сәйкес пайдаланым жүк айналымы 150,6 млнткмнеттоға кеміген, немесе 1,6%. Техникалық жылдамдық 0,08 км/сағ, 0,2 пайыз кем. Техникалық жоспар бойынша жүк тиеу 537,3 мың тоннаға немесе 5% кеміген. Жүк тиеу көлемінің бұрынғыдан сәл-пәл кему себебі негізгі жүк жөнелтуші «Теңізшевройл», «Батыс Транс Групп» ЖШС тарапынан мұнай өнімдерін жіберу азайып кеткен. Яғни, зауыттың күкірт түйіршіктейтін қондырғысында жоспарланбаған жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жұмыс тоқтаған. Сондай-ақ, «Теңізшевройл» кәсіпорнында жөндеу, Атырау мұнай өңдеу зауытындағы мұнайды терең өңдеу кешенінде қосу-реттеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты мазут, газойль сынды мұнай өнімдері зауыттан аз тиелген.

Сонымен қатар, аталған мерзімде транзитті тасымал көлемі де азайғаны байқалады. Бөлімше бойынша 4 пойыз, 2 пойыз Қиғаш түйіспесінен, бір-бір пойыздан Сағыз бен Құлсары түйіспесінен пойыздар кем алынған. Нәтижесінде тиелген вагондар жүрісінің вагон-шақырымы 5-7 пайызға азайған. Пойыздар қозғалысының техникалық жылдамдығының кемуі жылдамдықты азайтуға берілген ескертумен байланысты. Биыл Мақат-Атырау учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуіне және Мақат-Құлсары учаскесінде шпалдар ақауы болуына орай, сонымен қатар қараша айында желдің қатты үдеуіне қарай жылдамдықты кеміту орын алған.

Соған қарамастан, бөлімше жоспар үдесінен шығып отыр. Жалпы, вагон арқылы келіп-кететін халық тұтынатын тауарларды айтпағанда, өңірде «Нұрлы жол» бағдарламасы орындалуда, оған қоса мұнай өндіруші «Теңізшевройл» ЖШС өнім көлемін ұлғайтуда және 3-ші деңгейлі зауыт салынып, оған 25 мың жұмысшы тартылуда. Атырау мұнай өңдеу зауыты да кеңейтіліп, онда жоғары октанды бензин өндіріліп, мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені жұмыс жасауда. Қашаған кен орнынан шыққан мұнайды өңдейтін «Болашақ» зауытында да үлкен құрылыстар жүргізілуде. «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес Атырау-Астрахань, Атырау-Ақтөбе автожолдары биыл қайта жөнделеді. Оған қажетті жабдықтардың бәрі, әрине, темір жол арқылы тасымалданатыны белгілі. Қазірдің өзінде Аққыстау, Жантерек станциялары аумағына сол құрылысқа қажетті вагондап шебін, топырақ түсірілуде. Мұның бәрі өлке темір жолының еңбек өнімділігін арттырып отыр.

Қосұйым Мұқашев, Атырау


Жаңалықтар
22.07.2024
Қазақстан, Түрікменстан және Ауғанстан жаңа теміржол магистралінің құрылысын талқылады
Инфрақұрылым
22.07.2024
Күрделі жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда
Әлеумет
22.07.2024
Теміржолшылардың балалары лагерге аттанды
Спорт
22.07.2024
Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай Таразда спартакиада өтті
Жаңалықтар
22.07.2024
Ауғанстан, Түрікменстан және Өзбекстан делегациясы Бейнеу астық терминалының мүмкіндігімен танысты
Жолаушылар тасымалы
22.07.2024
Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арнайы безендірілген пойыз жолға шықты
Темір жол тарихы
21.07.2024
«Алатау» жүрдек пойызы қалай пайда болды?
Жаңалықтар
19.07.2024
Жаңа – Есіл локомотив депосының паркі жаңартылды
Жаңалықтар
19.07.2024
Мемлекеттік тілді дамыту бойынша өткен байқаудың жеңімпаздары анықталды
Станция тынысы
19.07.2024
Шағыр станциясында жүк тиеп жөнелту артып келеді
Аймақтар
19.07.2024
«Жасыл істер марафонында» Жамбыл бөлімшесі бірінші орынды жеңіп алды
Жүк тасымалы
19.07.2024
Биыл Қытайға 2 млн тоннадан астам астық экспортталмақ
Сұхбат
19.07.2024
Барлық сын-тегеурінге төтеп бердік
Инфрақұрылым
19.07.2024
11 мың шақырым теміржол жөндеуден өтеді
Жаңалықтар / Мұрағат
19.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №59 19 шілде 2024 жыл
Қауіпсіздік
18.07.2024
Темір жолдағы химиялық апаттарды жою бойынша оқу-жаттығу өтті
Әлеумет
18.07.2024
50 бала лагерьге аттанды
Қауіпсіздік
18.07.2024
Жанып келе жатқан жолаушылар пойызы сөндірілді
ҚТЖ келбеті
18.07.2024
Велосаяхатшы сапарға шықты
Жүк тасымалы
18.07.2024
Қазақстанда теміржол көлігімен тасымалданатын шикізаттық емес экспорт көлемі артты