Тоғыз жолдың торабы Аягөзде жүк жөнелтушілер қатары күрт артқан

Аймақтар
29.01.2019, 16:28

Тоғыз жолдың торабы саналатын Аягөз станциясында жыл басталасымен қарбалас басталған. Себебі, жүк жөнелтушілер қатары күрт артқан. Қаңтар айынан бастап шалғай аудандардағы іргелі өндіріс ошақтары автокөлік тасымалынан теміржол қызметіне ауысып отыр.    

  Станцияда вагон айналымы артып, жөнелтілетін жүк көлемі ұлғаюына орай тауар кассасындағы жұмыс та қауырт және қыза түскен. Мұндай шаралар негізінен маусымдық сипатқа ие екені белгілі. Тек наурыз айынан бастап жүк жөнелтуге тапсырыс берушілер саны артатын-ды. Ал, биылғы жағдай өзгеше. Қазіргі күні Аягөз станциясының тауар кассасында күніне орта есеппен алғанда 80 құжат рәсімделіп жөнелтіледі. Қауырт жұмысқа орай теміржолшылар демалыс күндері де қызметке келуге мәжбүр. Ең ірі жүк жөнелтуші Аягөздегі «Алина» ЖШС тиелетін өнім көлемін арттырған. Сонымен қатар, ауылшаруашылығына маманданған алпауыт Үржар ауданының кәсіпкерлері тауарларын теміржолмен жөнелтуге шешім қабылдап жатыр. Оның негізгі бір себебі, Алматы-Өскемен республикалық тас жолының қар құрсауында қалып, жиі жабылатыны болып отыр.   

Сондай-ақ, биылғы жылы іргелес Балқаш станциясынан «Қамқор вагон» ЖШС Аягөз филиалына жөндеуге келетін вагондар саны да артып отыр. Қаңтардың алғашқы жұлдызынан бастап 260 вагон техникалық жарақтандырылудан өтіп жөнелтілген екен. Бұл ретте аягөздік теміржолшылар тәулігіне 5-7 вагоннан жолға шығаруда. Жыл үлесіндегі жоспарларға сүйенсек, бұл көрсеткіштер алдағы айда өсе түседі деп күтілуде.

– Өткен жылы «Қамқор вагон» ЖШС Аягөз филиалына 2700-дің үстінде вагон кіргізіп, жөндеуден өткізіп жөнелтіппіз. Соңғы жиырма күннің есебіне қарасақ, былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Жалпы, станция бойынша жүк айналымы артып келеді. Мәселен, өткен жылы 3850 вагон жүктің тиелуіне, 1242 вагон тауардың түсірілуіне құжат рәсімдеппіз. Айына ең төменгі есеппен алғанда 500-дің үстіндегі жүктің құжаттары жасалынады, – дейді Аягөз станциясының тауар кассирі Азамат Ноғайбаев.

Ал, бұл жетістікке «Вагондармен жұмыс істеу – 2015» жүйесінде вагондарды беру және жинау, ЭПД модуль жүйесінде жөнелту және беру бойынша тасымалдау құжаттарын ресімдеу істері оңтайлылық беруде.

Сол тәрізді Аягөз станциясының бастығы Еркін Тойкеновтің айтуынша, станция бойынша осыдан екі жыл бұрын өндіріске енгізілген «Келісімді және коммерциялық жұмыс» автоматтандырылған басқару жүйесі жұмысты, жүкті жеткізу процесін анағұрлым жеңілдетіпті. Бұл елеулі өзгеріске жергілікті тапсырыс берушілер тарапы да жылдам қалыптасқан. Осыған дейін «Электронды үкімет» игілігіне арқа сүйеп үйренген аймақ кәсіпорындары ғаламтормен жұмыс жасауды толық меңгерген деуге болады. Нәтижесі сол, аягөздік теміржолшылар жылдың алғашқы айын жүк жөнелтушілердің қалың қатарымен бастап отыр.

Қуаныш Қожаев, Семей 


Жаңалықтар
22.07.2024
Қазақстан, Түрікменстан және Ауғанстан жаңа теміржол магистралінің құрылысын талқылады
Инфрақұрылым
22.07.2024
Күрделі жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда
Әлеумет
22.07.2024
Теміржолшылардың балалары лагерге аттанды
Спорт
22.07.2024
Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай Таразда спартакиада өтті
Жаңалықтар
22.07.2024
Ауғанстан, Түрікменстан және Өзбекстан делегациясы Бейнеу астық терминалының мүмкіндігімен танысты
Жолаушылар тасымалы
22.07.2024
Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арнайы безендірілген пойыз жолға шықты
Темір жол тарихы
21.07.2024
«Алатау» жүрдек пойызы қалай пайда болды?
Жаңалықтар
19.07.2024
Жаңа – Есіл локомотив депосының паркі жаңартылды
Жаңалықтар
19.07.2024
Мемлекеттік тілді дамыту бойынша өткен байқаудың жеңімпаздары анықталды
Станция тынысы
19.07.2024
Шағыр станциясында жүк тиеп жөнелту артып келеді
Аймақтар
19.07.2024
«Жасыл істер марафонында» Жамбыл бөлімшесі бірінші орынды жеңіп алды
Жүк тасымалы
19.07.2024
Биыл Қытайға 2 млн тоннадан астам астық экспортталмақ
Сұхбат
19.07.2024
Барлық сын-тегеурінге төтеп бердік
Инфрақұрылым
19.07.2024
11 мың шақырым теміржол жөндеуден өтеді
Жаңалықтар / Мұрағат
19.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №59 19 шілде 2024 жыл
Қауіпсіздік
18.07.2024
Темір жолдағы химиялық апаттарды жою бойынша оқу-жаттығу өтті
Әлеумет
18.07.2024
50 бала лагерьге аттанды
Қауіпсіздік
18.07.2024
Жанып келе жатқан жолаушылар пойызы сөндірілді
ҚТЖ келбеті
18.07.2024
Велосаяхатшы сапарға шықты
Жүк тасымалы
18.07.2024
Қазақстанда теміржол көлігімен тасымалданатын шикізаттық емес экспорт көлемі артты