Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі жоспарды артығымен орындады

Аймақтар
18.04.2019, 12:03

Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі 2019 жылдың алғашқы жұмыс тоқсанын қорытындылады. Жүк тасымалдау көлемінің жоспары артығымен орындалған. Жүк айналымы техникалық жоспарға - 101% өскен. Бұл дегеніміз 4 млрд 644,8 млн тоннаны құрайды. Нәтижесінде кіріс көлемі 10 млрд теңгеге жуықтап отыр.

«Жүк тиеу көлемі жоспарға қарағанда 0,6%-ға жақсарды. Бұл 3 млн 919 мың тоннаны құрап отыр. Жоспар бойынша қара металл 14,5 мың тоннаға, қара металл сынықтары 5,8 мың тоннаға, астық көлемі 4,1 мың тоннаға орындалған. Тасымалдардың негізгі қызметінен түскен кіріс көлемі 9 млрд 406 млн 772 мың 226 теңгені құрады. Жүк тасымалының көлемімен қатар, сапалы қызмет көрсету жағдайы да жақсарды. Оның ішінде, локомотивтің орташа тәуліктік өнімділігі жоспарға қарағанда 1,9% жоғарылаған», – деп ақпар берді Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің техникалық бөлім бастығы Жасұлан Рсқалиев.

Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 3,1%-ға артық өсімді көрсетеді. Сонымен қатар, вагон паркін пайдалану көрсеткіштері керісінше, аздап кері көрсеткішке ие. Локомотив паркінің тәуліктік жүрісі 99,8% құрап, пойыздық техникалық және учаскелік жылдамдығы тиісінше 0,9 және 0,3% төмендеген. Сонымен қатар, пойыздар қозғалысының артуына байланысты дизель отынының шығыны да артып отырған көрінеді.

«Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсан қорытындысы бойынша жұмыс көлемі 47,8 млн. ткм-ге ұлғайғанына байланысты дизель отынының шығыныны 3,07% өсуіне жол берілген», – дейді бұл туралы Жасұлан Рсқалиев.

Ардақ ЕРУБАЕВА

Жаңалықтар
22.07.2024
Қазақстан, Түрікменстан және Ауғанстан жаңа теміржол магистралінің құрылысын талқылады
Инфрақұрылым
22.07.2024
Күрделі жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда
Әлеумет
22.07.2024
Теміржолшылардың балалары лагерге аттанды
Спорт
22.07.2024
Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай Таразда спартакиада өтті
Жаңалықтар
22.07.2024
Ауғанстан, Түрікменстан және Өзбекстан делегациясы Бейнеу астық терминалының мүмкіндігімен танысты
Жолаушылар тасымалы
22.07.2024
Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арнайы безендірілген пойыз жолға шықты
Темір жол тарихы
21.07.2024
«Алатау» жүрдек пойызы қалай пайда болды?
Жаңалықтар
19.07.2024
Жаңа – Есіл локомотив депосының паркі жаңартылды
Жаңалықтар
19.07.2024
Мемлекеттік тілді дамыту бойынша өткен байқаудың жеңімпаздары анықталды
Станция тынысы
19.07.2024
Шағыр станциясында жүк тиеп жөнелту артып келеді
Аймақтар
19.07.2024
«Жасыл істер марафонында» Жамбыл бөлімшесі бірінші орынды жеңіп алды
Жүк тасымалы
19.07.2024
Биыл Қытайға 2 млн тоннадан астам астық экспортталмақ
Сұхбат
19.07.2024
Барлық сын-тегеурінге төтеп бердік
Инфрақұрылым
19.07.2024
11 мың шақырым теміржол жөндеуден өтеді
Жаңалықтар / Мұрағат
19.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №59 19 шілде 2024 жыл
Қауіпсіздік
18.07.2024
Темір жолдағы химиялық апаттарды жою бойынша оқу-жаттығу өтті
Әлеумет
18.07.2024
50 бала лагерьге аттанды
Қауіпсіздік
18.07.2024
Жанып келе жатқан жолаушылар пойызы сөндірілді
ҚТЖ келбеті
18.07.2024
Велосаяхатшы сапарға шықты
Жүк тасымалы
18.07.2024
Қазақстанда теміржол көлігімен тасымалданатын шикізаттық емес экспорт көлемі артты