Темір жолдан өту ережесін бұзған тұрғындар жауапкершілікке тартылған

Аймақтар
18.06.2019, 13:22

Жақында Достық станциясы ұжымының қызметкерлері «Темір жол – аса қауіпті аймақ» тақырыбында станциядағы мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

Станцияның өндірістік оқыту инструкторы Қанат Машарипов бастаған теміржолшылар темір жол бойындағы қауіпсіздікке, ең алдымен, әр адамның өзі жауапты екенін жеткізді.

Адамның өмірі мен денсаулығы – өзінің қолында. Әр оқушы теміржол ережесін, тәртібін жақсы білу керек. Ережені біліп қана қоймай қатаң сақтау пойыз апатынан сақтайды. Өткелден өтерде сол жерде ілулі тұрған белгіге назар аудару, әсіресе, шлагбаумы жоқ теміржол өткелінен өтерде өте сақ болу қиын ба? Шлагбаумы жоқ теміржол өткелінде паровоздың суреті бейнеленеді. Арнайы жолмен өту керек. Өткелі жоқ жерден өтуге болмайды. Әрқашан жолда жүру ережесін есте сақтап, тәртіп бұзбай жүрсек, қаншама қайғылы оқиғалардың алдын алып, қанша өмірді сақтауға болар еді, – деді Қ.Машарипов балалармен кездесу барысында.

Станция теміржолшылары мұндай кездесулерден бөлек жол бойында рейдтер өткізу барысында жаяу жүргіншілермен де түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай тексерулер барысында таяуда олар жолдан өту ережесін бұзған 25 тұрғынды анықтағандарын жеткізді. Олардың 20-сы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бес адамға тәртіп сақшылары ауызша ескерту берген.

Егер тұрғындар темір жол бойында қарапайым ғана қауіпсіздік шараларын орындап, оны әдетке айналдырса, қайғылы оқиғалар болмайды. Темір жолдан өтер алдында маңайына мұқият қарап, пойыздың келе жатқанын не жоқ екендігін анықтап алуы қажет. Пойыз алыста келе жатса да сигнал беріп жүреді. Сондықтан дыбысқа мән берген жөн. Оқыс оқиғаның көбі асығудан болады. Әйтпесе, алыста келе жатқан пойыздың адамды бірден қағып кетуі мүмкін емес қой. Адамдар пойыздың жақындап қалғанын біле тұра, асығып жолдан өтіп кеткісі келеді. Сондықтан, балалар, сендерден өтініп сұраймын, өз өмірлеріңді қатерге тігіп, асығыстық жасамаңдар. Теміржолда мейлінше сақ болыңдар, – деп кеңес берді инспектор оқушыларға. 

Жаңалықтар
22.07.2024
Қазақстан, Түрікменстан және Ауғанстан жаңа теміржол магистралінің құрылысын талқылады
Инфрақұрылым
22.07.2024
Күрделі жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда
Әлеумет
22.07.2024
Теміржолшылардың балалары лагерге аттанды
Спорт
22.07.2024
Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай Таразда спартакиада өтті
Жаңалықтар
22.07.2024
Ауғанстан, Түрікменстан және Өзбекстан делегациясы Бейнеу астық терминалының мүмкіндігімен танысты
Жолаушылар тасымалы
22.07.2024
Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арнайы безендірілген пойыз жолға шықты
Темір жол тарихы
21.07.2024
«Алатау» жүрдек пойызы қалай пайда болды?
Жаңалықтар
19.07.2024
Жаңа – Есіл локомотив депосының паркі жаңартылды
Жаңалықтар
19.07.2024
Мемлекеттік тілді дамыту бойынша өткен байқаудың жеңімпаздары анықталды
Станция тынысы
19.07.2024
Шағыр станциясында жүк тиеп жөнелту артып келеді
Аймақтар
19.07.2024
«Жасыл істер марафонында» Жамбыл бөлімшесі бірінші орынды жеңіп алды
Жүк тасымалы
19.07.2024
Биыл Қытайға 2 млн тоннадан астам астық экспортталмақ
Сұхбат
19.07.2024
Барлық сын-тегеурінге төтеп бердік
Инфрақұрылым
19.07.2024
11 мың шақырым теміржол жөндеуден өтеді
Жаңалықтар / Мұрағат
19.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №59 19 шілде 2024 жыл
Қауіпсіздік
18.07.2024
Темір жолдағы химиялық апаттарды жою бойынша оқу-жаттығу өтті
Әлеумет
18.07.2024
50 бала лагерьге аттанды
Қауіпсіздік
18.07.2024
Жанып келе жатқан жолаушылар пойызы сөндірілді
ҚТЖ келбеті
18.07.2024
Велосаяхатшы сапарға шықты
Жүк тасымалы
18.07.2024
Қазақстанда теміржол көлігімен тасымалданатын шикізаттық емес экспорт көлемі артты