Балалардың тілектер шыршасы: теміржолшылар қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

Әлеумет
21.12.2022, 09:20
Фото Александра Жабчука
Любовь Ровба

Корреспондент газеты «Қазақстан теміржолшысы»

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да дәстүрлі «Тілектер шыршасы» қайырымдылық акциясы өтіп, оның барысында еліміздің әр өңірінен келген 250 жас теміржолшы өз әріптестерінің ерекше балаларына сыйлықтар сыйлады.

«Жастар бастамалары марафоны» жобасы аясында акция бірнеше жыл бойы өткізіліп келеді.

– Жаңа жыл қарсаңында біз балаларға ғажайыпқа сенуді сыйлағымыз келді. Алдын ала тізімдер жасадық, ата-аналармен және балалардың өздерімен сөйлестік, олар не армандайтынын білдік. «ҚТЖ» ҰК» АҚ ХІ республикалық жастар форумының қатысушылары әр өңірден өздерімен сый-сияпаттарын ала келіп, оларды балаларға адресті берді, - дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік саясат департаментінің менеджері Ержан Жаналиев.

Сертификаттар, оқу ойыншықтары, ұялы телефон, ноутбук, планшет, құлаққап, қуыршақ үйі, бокс қолғаптары мен груша, бұлардың барлығы теміржолшылардың жаңа жылдық тосын сыйларының толық тізімі емес.

Мүмкіндігі шектеулі балалар ата-аналары әріптестеріне қамқорлық пен қуаныш сыйлағаны үшін алғыстарын айтып, ҚТЖ қызметкерлері ешқашан шетте қалмайтынын және қиын өмірлік жағдайларда қолдау көрсетуге тырысатынын атап жатты.

- Біздің 10 жасар қызымыз Айару – ерекше бала, оның церебральды сал ауруы бар. Толық күтімін қамтамасыз ету үшін мен жақын жерде болуым керек, сондықтан жұмысқа орналасуға мүмкіндігім жоқ. Кіші ұлым бірінші сынып оқушысы. Отбасын қамтамасыз ету жауапкершілігі жұбайым Хамзаттың мойнына жүктеліп отыр, ол Нұр-Сұлтан станциясындағы атқыштар командасы ғимаратының қараушысы болып жұмыс істейді. Алматыдан келген жастар сертификат сыйлады, енді біз Айару үшін қысқы заттарды сатып алуды жоспарлап отырмыз. Мен барлығына көмек пен көңіл бөлгені үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бұл өте құнды! - деді Анара Мұстафина.

Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді