Жылжымалы емхана – Сыр елінде

Әлеумет
02.11.2023, 10:17
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Осыған дейін жол бойындағы жүзден аса елді мекен тұрғындарына тегін дәрігерлік қызмет көрсетіп келе жатқан «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қызылорда өңірін аралап жүр. Ақжолтай пойыз Сыр елінде 3 қарашаға дейін болады.    

Теміржол бойындағы бекеттердің тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсету жобасын «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, Әлеуметтік жобалар қоры, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының қатысуымен жеке Рanacea clinik дәрігерлері жүзеге асыруда екен. Сыр бойындағы Тартоғай станциясына аялдаған «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы дәрігерлерінің тегін қызметі үшін тұрғындар алғыс білдіруде. Медициналық пойыздың бас дәрігері Айнұр Егінбаева бүгін пойызға келген екі жүзге жуық тұрғынның барлығына тиісті дәрігерлік көмек көрсетіліп, қажетті нұсқамалар берілгендігін айтып, дәрігерлердің жұмысымен таныстырып өтті.

Пойызға келген бойы тіркеу орнынан өтетін тұрғындар дәрігердің қарауы бойынша денсаулық жағдайына қарай қызмет алады. Керек болса пойыз лабораториясында анализ тапсырып, клиникалық ем беріледі. Егер пациенттің денсаулық жағдайы стационарлық ем-домды қажет ететін болса, жолдама беріліп, жергілікті ауруханаларға жолданады екен. Аймақ жұртшылығына қызмет жасау үшін бесінші станцияға тоқтаған пойызға Сексеуіл мен Белкөл станциясында тұрғындар ұзынсонар кезекпен қаралуға мәжбүр болыпты.  

– Қызылорда облысындағы бекеттердің ішінде Сексеуіл мен Белкөл станцияларында медпойыз қызметіне жүгінгендер саны басым болып, дәрігерлер уақытпен санаспай қызмет жасады. Сексеуіл станциясына аялдаған кезімізде 2008 жыл туылған баланың басынан жарақат алып, қан кетіп дәрігерлерге қаралған, МРТ қорытындысы жасалған, бірақ ауруханаға жатқызылып ем алмағаны анықталды. Оның диагнозымен кезек күттірместен ауруханаға жатқызып ем алмаса, дерті асқынуы мүмкін болғандықтан жергілікті медициналық мекемелерге хабарласып, пациенттің аудандық ауруханаға жатқызылуына жұмыс жасалды. Сапақ бекетінде дәрігерлік есепте тұратын науқастың жағдайы жергілікті емдеу мекемелеріне хабарласып, түсіндіріліп, тегін дәрі-дәрмек алуына көмек берілді. Жалпы, медпойызға қаралған облыс тұрғындарының көпшілігі тыныс алу, ЛОР, УЗИ, жүрек-қан тамырларын, тіс ауруларын емдейтін дәрігерлерге қаралуда, – деді бас дәрігер Айнұр Құдайбергенқызы.  

Медпойыздың құрамындағы 22 қызметкердің 13-і тәжірибелі дәрігерлер болса, 9-ы медперсонал екен. Жобаның биылғы ерекшелігі – пойыз қызметкерлерінің құрамында заңгер мен медиатордың болуы. Заңгерлерге де арыз-шағым айтып көмек сұраушылар көп көрінеді.  

– «Саламатты Қазақстан» пойызының құрамына енгізілген заңгерлер тұрғындардың мәселелерін заң шеңберінде шешілуіне көмек беруде. Құқықтық сауаттылығы төмен адамдардың алаяқтардың арбауына ұшырап сергелдеңге түсуі, олардың арыз шағымдарының жергілікті құқық органдарында қаралу тәртібінің жайы, мирасқорлық, несие, жұмыссыздық, отбасылық дау-дамай, алиментке қатысты сауалдар, тегін дәрі ала алмау жайы, еңбек шартының бұзылуы бойынша Бірсүгір станциясынан бастап 189 адам келіп көмекке жүгінсе, бүгін Тартоғай станциясында 16 адам келіп шағымданды. Шағымданушылардың арыз-шағымына байланысты барлығына құқықтық кеңес беріп, жергілікті құқық қорғау органдарымен, билік өкілдерімен хабарласып, мүмкіндігінше көмек көрсетудеміз. Әрине, мұндай істер аз уақытта шешіле қоймаса да, шағымданушылардың байланыс телефоны арқылы мәселенің оң нәтижеге жеткенінше қадағалап отырамыз, – деді заңгер Жанна Бекмұханбетова.

Тартоғай станциясында қызмет жасап отырған заңгер Жанна Бекмұханбетова мен медиатор Жанар Молдабекованың алаяқтардың алдауына түсіп қалғандардың көмекке жүгініп отырған сәтіне куә болдық. Автокөлікте жол сумкасын ұмыт қалдырған азаматтың атынан несие рәсімделіпті. Және де бұл азамат өзі бөтен адамның атынан рәсімдеп алған несиені төлеуден бас тартқан екен. Қос заңгер жергілікті құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесіп, осы мәселенің заң шеңберінде шешілуі үшін жұмыс жасауда екен.

Жалпы, Қызылорда облысында Сексеуіл, Сапақ, Шөміш, Белкөл және Тартоғай секілді бес бекетке аялдаған «Саламатты Қазақстан» пойызының дәрігерлері әр бекетте шамамен 150 мен 540 пациентке көмек көрсеткен. Тұрғындарға медициналық тұрғыдан қолдау көрсетіп, қызмет жасаған медпойыз дәрігерлері кейде дене мүшелерінің созылмалы ауруы әсерінен салдануын анықтап, стационарлы ем алуға жолдау, денедегі түйіндерді зерттеп, артық өскіндерді хирургиялық жолмен жеңіл-желпі ота жасап алып тастау секілді қызметтерді де көрсетіп, пациенттердің алғысын алып келеді екен.

– Медициналық пойыз біздің ауылға келгенде дәрігерге тегін қараламыз деп қуанатынымыз рас. Таңазанымен келіп кезек алып, дәрігерлерге қаралып шықтым. Дәрігерлер жақсы білетін мамандардан жинақталып, қай-қайсысына барсаң да шағымыңды тыңдап, ауруымыздың салдарын түсіндіріп, бәйек болуда. Жалпы өз басым ауырғасын келген едім, дәрігер тексеріп қан қысымымда ақау барын түсіндіріп, көмек бергеніне дән ризамын, – дейді тартоғайлық Нұршуақ Сапақ.

Енді пойыз Ақмая, Екпінді бекеттері мен Бәйгеқұм, Аққұм станцияларында 3 қараша күні сағат 22-00-ге дейін қызметін қорытындылағаннан кейін медпойыздың әрі қарайғы сапары Түркістан және Жамбыл облыстарында жалғасатын болады.

Жүк тасымалы
22.07.2025
Шаньси провинциясынан алғашқы контейнерлік пойыз Орта дәлізбен Әзірбайжанға жөнелтілді
Жаңалықтар
22.07.2025
ҚТЖ-да Қазақстан мен Грузия логистика мәселелерін талқылады
Жүк тасымалы
22.07.2025
Алдағы маусымнан не күтеміз?
Жаңалықтар
22.07.2025
Алматыда қоймадан шыққан жалынды жоюға өрт сөндіру пойызы қатысты
ҚТЖ келбеті
22.07.2025
Атакәсіпке адалдық: машинист Ерлан Бегимов туралы бір үзік сыр
Әлеумет
22.07.2025
Теміржолшы әулеті «Дарынды отбасы» номинациясын жеңіп алды
Станция тынысы
22.07.2025
Қазалы – мамандар ұстаханасы
Жаңалықтар / Мұрағат
22.07.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №55 22 шілде 2025 жыл
Жүк тасымалы
21.07.2025
Қазақстан мен Грузия арасындағы теміржол жүк тасымалының көлемі 159,5 мың тоннадан асты
Жаңалықтар
21.07.2025
ҚТЖ мен РЖД стратегиялық әріптестікті күшейтуде
Аймақтар
21.07.2025
«Білім экспресі» Абай елінде
Спорт
21.07.2025
Маңғыстауда теміржол барысы анықталды
Жүк тасымалы
21.07.2025
Биыл теміржол арқылы көмір экспорты 14%-ға өсті
Аймақтар
21.07.2025
Түлектерге кәсіби бағдар берілді
Әлемде
21.07.2025
Бейжіңдегі көрмеде 600 км/сағ жылдамдықпен жүретін пойыз таныстырылды
Әлеумет
21.07.2025
Жыл басынан бері құқық бұзғаны үшін 400-ге жуық адам пойыздан түсірілген
Инфрақұрылым
18.07.2025
Сырдария арқылы өтетін жарты шақырымдық теміржол көпірі салынады
Инфрақұрылым
18.07.2025
Елімізде темір жолды жөндеу науқанының жартысы аяқталды
Жүк тасымалы
18.07.2025
Әлеуметтік жүк тасымалы ұлғаюда
Станция тынысы
18.07.2025
Әйтеке би станциясы жартыжылдықты табысты аяқтады