Ұжымдық шартқа қол қойылды

Әлеумет
05.12.2023, 10:50
Оқуға 2 мин
Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Кеше «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен оның жұмыскерлері арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған Ұжымдық шартқа қол қойылды. Маңызды құжатқа қол қою рәсіміне Компанияның Басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов пен «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев қатысты.

Жиын барысында үш жылда бір рет қабылданатын Ұжымдық шартта көзделген әлеуметтік кепілдемелер сөзсіз орындалып, әлеуметтік бағытқа басымдық берілетіні және жұмыскерлердің мүддесін қорғауға баса назар аударылып отырғаны, ардагерлер мен зейнеткерлерге көп жеңілдіктер қарастырылғаны жан-жақты сөз болды.  

– Жаңа ұжымдық шартты әзірлеу барысында 300-ден астам ұсыныс келіп түсті. Оны дайындау үшін мықты тәжірибелі мамандардан жиналған жұмыс тобы құрылды. Олар барлық ұсыныстар мен өтініші-тілектерді елеп-екшеп, сараптай келе, ішінен ең тиімдісін таңдап алғаны сөзсіз. Ұжымдық шартты қабылдау арқылы біз қызметкерлерімізге компанияның басты жауапкершілігі оларды әлеуметтік қорғауға негізделгенін жеткіземіз. Құжат алдағы жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енеді, – деді Қ. Әлмағамбетов.  

Кәсіподақ тарапынан сөз алған О. Ахметбаев құжатты дайындау биыл шілде айында басталып, соңғы кезеңіне келіп жеткенін жеткізді.  

– Үлкен жұмыс атқарылды. Екі жақтан да жұмыс тобы құрылды. Компания тарапынан топты Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Марат Шакенов, кәсіподақ тарапынан топты кәсіподақ төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитов басқарды. Келіп түскен ұсыныстар бойынша біраз пікірталас болды. Дегенмен екі жақ келісіп, ортақ шешімге келдік. 72 ұсыныс қолдау тауып, жаңа құжат қаржысы 5 млрд теңгеге ұлғайтылды. Басқа салаларға қарағанда біздің Ұжымдық шарт бұрыннан да үлгі етерліктей болатын, қазір жаңа ұсыныстар бойынша бірқатар өзгерістер еніп, одан сайын маңызы мен тиімділігі арта түсті, – деді О. Ахметбаев.  

Жаңа Ұжымдық шартта төрт бағытта, атап айтқанда жұмыскерлердің, ардагерлер мен зейнеткерлердің әлеуметтік пакетін жақсарту, еңбекақы төлеу және басқа да шешімдер бойынша өзгерістер енгізілген. Мәселен, 1 қыркүйек Білім күніне орай берілетін материалдық көмек 2 АЕК-тен 4 АЕК-ке көбейтілсе, Мүгедектер күні, Отбасы күні, Балаларды қорғау күнінде берілетін ақша көлемі де бірнеше АЕК-ке көбейтілген. Мұндай материалдық көмек көлемі тағы бірнеше пункт бойынша ұлғайтылған. Жылына бір реттік берілетін мерекелік сыйақы Наурыз мейрамы, Көлік қызметкерлері күні, Республика күні, Тәуелсіздік күнінде 1 ең төменгі еңбекақы көлемінде (85 мың теңге) берілетін болды.  

Жиын барысында Ұжымдық шартты әзірлеуге атсалысқан бірқатар қызметкерлер Алғыс хатпен марапатталды.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды