ҚТЖ балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады (Фото)

Әлеумет
31.05.2024, 17:54
Суретті түсірген автор
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Балаларды қорғау күніне орай Астанадағы ҚТЖ-ның бас ғимаратында теміржолшылардың балаларына арналған мерекелік шара өтті.

Бүгін компанияның әлеуметтік саясат департаментінің ұйымдастыруымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның бас ғимаратында жұмыс істейтін қызметкерлердің балаларына арналған мерекелік шара болды.

Балдырғандар үшін үрмелі батут тігіліп, арнайы сахна қойылды. Бірі секіріп ойнап жүрсе, тағы бірі ән айтып, би биледі. Оған қоса «Балауса – болашақ» сурет байқауының қорытындысы шықты.  

Сондай-ақ Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің балаларына арналған «Көңілді старт» эстафеталық жарыс өтті

Шара барысында балалар жас мөлшеріне қарай төрт командаға бөлініп, эстафеталық ойындар бойынша бақ сынасты.  

Көңілді стартты ұйымдастырып, балалаларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға мұрындық болған Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы кәсіподағының төрағасы Күлаш Даньярова мерекелік шараға 60 бала қатысқанын айтты.

«Былтыр Балаларды қорғау күніне орай осындай шара өткізгенбіз, ол кезде 40 бала қатысты және олар ойынның қатты ұнағанын айтып, келесі жылы қайталауымызды өтінген еді. Сондықтан биыл тағы да 7-13 жастағы балалар арасында ұйымдастырдық», - дейді шараны  ұйымдастырушы К. Даньярова.  

Ойын барысында түрлі кедергілерден секірген балалар бірі құлап жатса, тағы бірі сүрініп болсын финишқа жетіп жатты. Ойын сонысымен де қызықты, тартымды бола түсті. Бастысы балалар шаттана күліп, жақсы көңіл-күймен үйлеріне қайтты.

«Бүгінгі ойыннан адреналин алдым десем артық емес. Ойындар қатты ұнады. Командамызбен ауызбіршілікте жақсы жұмыс істей білдік. Мұндай шаралар алдағы уақытта өтетін болса тағы да қатысар едім», - дейді ойынға қатысушы Тоғжан Қуаныш.

Мерекелік шараға қатысқан тағы бір қызымыз Еркеназ Баданбекова ойын керемет көңіл-күй сыйлағанын жеткізді.

«Ұйымдастырушыларға, ҚТЖ-ға осындай мерекелік шара үшін көп рахмет. Ойындардың барлығы ұнады. Қаппен секіру кезінде көбіміз шалынып құладық, сондықтан кішкене қобалжыдым. Жалпы ойындардың барлығы қызықты өтті», -  дейді Е. Баданбекова.

Ойын соңында кәсіподақ атынан балаларға сыйлықтар, тәттілер мен  сусындар үйлестірілді.  

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты