Қызылордалық 20 бала «Туған жерге саяхат» турымен Астанаға аттанды

Әлеумет
25.07.2024, 11:01
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Сырдың ми қайнатар аптап ыстығында салқын самалы ескен Арқаның төрінде дем алып, серуендеп қайту үшін қызылордалық 20 бала «Туған жерге саяхат» турымен Астанаға аттанды.  

Елордаға ұшақпен ұшатындарын естіген балалардың қуаныштарында шек жоқ. Әуежайға арнайы көлікпен жеткізілген оларды ата-аналары шығарып салып, ақ жол тіледі.

«Қазкөліккәсіп» ҚБ мен бөлімше басшылығының қолдауымен ұйымдастырылған балалар саяхатқа көп балалы отбасының, жалғызбасты аналардың, толық емес отбасының балаларына, үздік сабақ үлгерімімен ерекшеленген оқу озаттарына бірінші кезекте мүмкіндік берілді.

– Қызылорда қосалқы бөліміне қарасты Шиелі мен Сексеуіл станциялары арасындағы мекеме теміржолшыларының балалары «Туған жерге саяхат» турымен 3 күн Астана қаласын тамашалап қайтады. Кәсіподақ ұйымының қызметкерлері Салтанат Махмутова мен Ғалия Қожахметова балалардың қауіпсіздігіне жауапты болады, – деді Қызылорда қосалқы бөлімі кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Өмірзақұлы.

Қызылорда қосалқы бөлімінің кадр жетекшісі Орынкүл Нұрмашқызы биылғы жазда аймақ теміржолшыларының 200-ден астам бүлдіршіні еліміздегі түрлі балаларды сауықтыру лагерлерінде демалатынын жеткізді. Балалар үшін жаз қызығы тамыз айының соңына дейін жалғасатын көрінеді. Маусым айынан бастап 100 шақты бала «Машат» және «Тау самалы» сауықтыру лагерінде демалып келсе, бүгін кешкілік тағы 50 бала кезекті демалысқа аттанбақ.  

Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады
Жаңалықтар / Мұрағат
04.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №60-61 04 тамыз 2026 жыл