Сайөтес станциясында желілік полиция жолаушыларды ақпараттандыру шарасын өткізді

Әлеумет
20.05.2025, 08:57
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Заман дамыған сайын алаяқтықтың да неше түрлісі шығып жатыр. Кеңінен таралғандарының бір түрі – ол интернет алаяқтығы. Сондықтан желілік полиция өкілдері жолаушыларды алаяқтар құрығына түсіп қалмауға шақырады.

Жақында Сайөтес станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің инспекторлары пойыздардағы жолаушылармен кездесті. Станциядан өтіп жатқан жолаушылар вагондарын аралап, вокзал, перрондағы тұрғындарға жаңадан шығып жатқан интернет алаяқтықтың айла-тәсілдері туралы түсіндіріп, ескерту парақтарын таратты.  

– Қазір адамдар күнделікті өмірде интернет ресурстарын кеңінен пайдаланады. Соның ішінде банктік қолданбалар мен сату веб-сайттарын көп қолданады. Сондықтан алаяқтардың арбауына жиі ілінеді. Өкінішке орай, статистика бойынша бұл факт көбеймесе, азайып жатқаны жоқ. Осыған байланысты Сайөтес станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері жолаушылар пойыздарына шығып, халыққа түсіндірулер жүргізуде. Күніне станциядан қаншама жолаушы өтеді. Соның бірі болмаса бірі ескертулерден қажетті ақпарат алып, күдікті болған сайттар мен қосымшаларды, басқа да дүниелерді пайдаланарда ойланса, біз үшін үлкен жетістік, – дейді Сайөтес станциясындағы желілік полиция бөлімшесі басшысы Нұрлыбек Рахметов.  

Айтуынша, профилакти калық іс-шара барысында азаматтарға интернет сайттарын пайдаланған кезде немесе белгісіз нөмірлерден қоңыраулар келгенде сақ болуды, SMS кодтары мен құпия сөздерді ешкімге, тіпті банк қызметкеріне де айтуға болмайтынын, алдын ала төлем жасамау, SMS арқылы келген бағдарламаларды жүктеп алудан аулақ болу сияқты мағлұматтар берген.  

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды