Медпойыз Ақтөбенің 9 ауылына қызмет көрсетеді

Әлеумет
23.06.2025, 13:43
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Тегін медициналық және құқықтық көмек көрсететін медициналық пойызы Ақтөбе облысының  9 ауылы мен оған жақын орналасқан елді мекен тұрғындарын қабылдайды.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 21 маусымнан бастап Ақтөбе облысының территориясына келді. Бірінші күні Байғанин ауданының Ноғайты ауылында жұмысын бастады. Ауыл тұрғындарына тегін медициналық және құқықтық көмек көрсетілетіні туралы хабарландыру болды. Өңірде болған уақытта әрі қарай Шұбарқұдық, Қарашоқат, Қотыртас, Қандыағаш, Мәртөк, Ақкемер, Кемпірсай  станцияларына аялдайды.

Жылжымалы медициналық аппараттармен жабдықталған вагонда 29 дәрігер бар. Олар ауыл тұрғындарын хирургия, педиатрия, кардиология, неврология, оториноларингология, офтальмология, стоматология, гинекология, урология, функционалды диагностика, рентген және психология салалары бойынша қабылдайды.

Кеңес беруден бөлек, пойызда УДЗ, ЭКГ, флюорография, гастрофиброскопия, қан талдауы және басқа да диагностикалық тексерулерден өтуге болады. Қажет болған жағдайда шағын хирургиялық операциялар жасалады. Барлық санитарлық және техникалық талаптар сақталған, пойыз заманауи жабдықтармен қамтылған.

Дәрігерлермен қатар, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия атынан келген заңгерлер мен медиаторлар ауыл тұрғындарын қабылдайды. Олар еңбек дауларын шешуге, әлеуметтік төлемдерді рәсімдеуге, сот және құқықтық мәселелер бойынша кеңес беруге көмектеседі.

Медициналық пойыз Шұбарқұдықта 21-22 маусым күндері, Қарашоқатта — 23 маусым, Қотыртаста — 24 маусым, Қандыағашта — 25-26 маусым күндері қабылдау жүргізеді.

Ал Ақтөбе өңірінің Мәртөк, Ақкемер және Кемпірсай ауылдарына пойыз шілде айында келеді деп күтіледі. Мәртөк тұрғындары — 13-14 шілде күндері, Ақкемер — 15-17 шілде, Кемпірсай — 17-18 шілде мамандардың кеңесіне жүгіне алады.

Ақтөбе облысындағы жұмысы аяқталған соң, пойыз БҚО, Қостанай өңірлеріне бағыт алады.

 

Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді