Ақжолтай пойызға алғыс айтты

Әлеумет
31.07.2025, 18:04
Оқуға 1 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ҰК» АҚ , «Samruk-Kazyna Trust» қоры және Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы әріптестік шеңберінде іске асқан әлеуметтік жоба арқасында бүгінде шалғайдағы ел тұрғындары сапалы медициналық қызметке қол жеткізуде.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Ақтөбе облысындағы сапарын аяқтады. Жылжымалы құрам облыстың шалғай ауылдары Шұбарқұдық, Қарашоқат, Қотыртас, Қандыағаш, Мәртөк, Ақкемер және Кемпірсай елді мекендерінде болды. Жобасының негізгі мақсаты да осы – шалғайдағы ауыл тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету. Ауылдан шықпай-ақ, мыңдаған адам өздері келген дәрігерлерге тексеріліп, қажетті ем алды. Дәрігерлер алғашқы қарап-тексеру, түрлі диагностикалық аппараттарға түсіріп, талдау, ем тағайындау қызметтерін ұсынады. Қажет болған жағдайда кішігірім хирургиялық операция жасайтын да мүмкіндіктері бар. Медициналық бригада құрамына 36 білікті дәрігер, медиатор және заңгер бар.  

Осы аптада медициналық пойыз облыстың Мәртөк ауданында сапарын аяқтады. Аудан әкімдігінің хабарлауынша, халықтың алғысы шексіз. Ем-домнан бөлек халық отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның заңгерлері мен медиаторлардан кеңес алған. Олар әлеуметтік төлемдер, еңбек даулары, жер мәселелері мен басқа да құқықтық сұрақтар бойынша тегін көмек көрсеткен.  

Мәртөктен кейін пойыз Ақкемер мен Кемпірсай ауылдарына аялдап, шілде айының соңғы күні жұмысын аяқтады.  

 

Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді