Маңғыстаулық теміржолшылар отбасы Астанадағы байқаудан жүлдемен оралды

Әлеумет
22.08.2025, 08:27
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Астана қаласында өткен «Әкем, Анам және мен» атты байқаудан маңғыстаулықтардың қанжығасы майланып қайтты. Елдің түкпір-түкпіріндегі теміржолшылар отбасынан жиналған жиырмадан астам команданың ішінен жүлделі орынды жеңіп алды.

22 команда қатысқан отбасылық байқауда түбек теміржолының атынан Ақтау қаласынан барған Аралбаевтар жанұясы үшінші орыннан көрінді. Теміржолшылар әулетінен шыққан отағасы Маңғыстау локомотив депосында көмекші машинист. Он бір жылдан бері локомотив шаруашылығында еңбек етіп жүрген ол бұл жарысқа әйелі Жадыра Аймағанбетова және ортаншы ұлы Аңсармен барыпты.  

Спортты жанына серік еткен жерлесіміз Серіктің жанұясы байқаудың шарттарын орындауда өз мықтылығын дәлелдеді. Топтық және жеке ойындар барысында бір-бірін үнсіз ұғысып, жеңіске жетелеген олар қай шартты болса да ауызбіршіліктің арқасында ойдағыдай орындап шыққандарын айтады. Нәтижесінде байқаудың жеңімпазы атанып, 110 мың теңгенің жүлдесін алып қайтты.  

– Бұл сапар бізге тек байқауға қатысу ғана емес, жазғы саяхат та болды. Елордамыздың көрікті жерлерін аралауға мүмкіндік туды. Конкурс шарты бойынша он жастан асқан бала болу керек дегендіктен біз төрт баламыздың ішінен спортқа жақын, боксқа қатысатын 5-сыныпта оқитын ұлымызды алып кеттік. Өзім баскетбол ойнаймын. 3-4 жылдан бері түбек теміржолшыларының командасындамын. Жақында жергілікті жарыста біздің баскетболшылар командасы бірінші орынды алды. Келіншегім үйде, бала тәрбиесімен айналысады. Бәріміз бірге және әке мен ұл болып, аналардың арасында тартысты шарттарды орындадық. Бәрі де қызықты өтті, өзіме қатты ұнады. Отбасының бір-бірімен арадағы қарым-қатынасын нығайтып, татулығын паш ететін ойын болды, – дейді Серік Аралбаев.  

 

Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет