Пойыз терезелерін сындырудың 12 фактісі тіркелді

Әлеумет
13.04.2026, 10:58
Сурет: Көліктегі полиция департаменті

Көліктегі ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Марат Дубаевтың айтуынша, жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға қарамастан, теміржол жиегінде  ойнау, жылжымалы құрамға тас лақтыру, рельстердің үстіне бөгде заттар қою сияқты әрекеттер әлі де жалғасуда. Әсіресе, мұндай заңсыздықтардың ересектердің тиісті бақылауынсыз қалған балалардың қолымен жасалуы полиция қызметкерлерін алаңдатып отыр, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Мәселен, «Қызылсай–Манкент» аралығында белгісіз тұлғалар тас лақтырып, электровоз кабинасының әйнегін сындырған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шымкент станциясындағы көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері үш кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады. Олар ата-анасының көзінше өз кінәларын мойындады.

«Тексеру барысында жасөспірімдердің теміржол маңында ойнағандары және ықтимал зардаптарын түсінбей, қауіпті әрекетке барғандары белгілі болды. Тәртіп сақшылары олармен теміржол көлігі нысандарында қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, олардың ата-аналары балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағандары үшін жауапкершілікке тартылды», – деді М. Дубаев.

Оның айтуынша, бұл бір ғана мысал. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Департаментте жолаушылар пойыздары терезелерін сындырудың 12 фактісі тіркелген. Оның басым бөлігі Алматы, Шымкент, Қарағанды және Шу станциялары учаскелерінде орын алған.

«Мұндай әрекеттерді жай ғана балалардың еркелігі деп қарастыруға болмайды. Бұл пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей әсер етіп, жолаушылар мен пойыз бригадалары жұмысшыларының өміріне қауіп төндіретін жәйт. Жылжымалы құрамның немесе инфрақұрылымның жұмысына кез келген кедергі жасаудың соңы ауыр зардаптарға әкелуі әбден мүмкін. Осыған сәйкес, азаматтарды көлік инфрақұрылымы нысандарында болған кезде қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауға шақырамыз», – деп атап өтті ол.

Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті