Теміржолшылардың 10 мыңнан астам баласы лагерьде демалады

Әлеумет
17.06.2026, 11:00

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өз қызметкерлерінің балаларына арналған жазғы сауықтыру науқанын іске қосады. Жаз бойы компания Қазақстанның барлық өңірлерінен 7 жастан 13 жасқа дейінгі 10 мыңнан астам бала үшін пайдалы демалыс ұйымдастырады, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Бұл ауқымды әлеуметтік жобаның басты мақсаты – теміржолшылар отбасыларына шынайы қамқорлық көрсету, өскелең ұрпаққа барынша жайлылықты, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және олардың денсаулығын нығайту.  ҚТЖ-ның жас қонақтары үшін Бурабай, Қапшағай, Алакөл және Каспий жағалауларының бірегей курорттық аймақтарын қоса алғанда, елдің балалар сауықтыру орталықтары ұсынылатын болады. Компания келесі факторларға ерекше назар аударды: жайлылық(барлық қажетті инфрақұрылымы бар заманауи ғимараттарда тұру); денсаулық (теңдестірілген тамақтану, спорт секциялары және сауықтыру рәсімдері); қауіпсіздік (тәулік бойы күзет, медициналық сүйемелдеу және білікті педагогикалық құрам). 

ҚТЖ қызметкерлерінің балаларына арналған жазғы лагерь–бұл жай ғана демалыс емес, даму үшін қуатты ынталандыру. Әр маусымның бағдарламасына интеллектуалды ойындар, квесттер, шығармашылық шеберханалар, спорттық турнирлер, эстафеталар және жүзу кіреді. Қызметкерлерге қамқорлық жасау–ҚТЖ-ның басты басымдығы. ҚТЖ әлеуметтік саясаты дәстүрлі түрде еңбек адамын қолдауға бағытталған. Осындай көлемдегі балалар демалысын ұйымдастыру–бұл теміржолшыларға балаларының жазды көңілді, қауіпсіз және пайдалы өткізетініне сенімді болуға мүмкіндік беретін қызметкерлердің әл-ауқатына салынған инвестиция.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты