Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Корреспондент газеты «Қазақстан теміржолшысы»
Достық станциясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Алматы магистральдық желі бөлімшесі» филиалының қызметкерлеріне арналған жатақханаға ағымдағы жөндеу жүргізілді. Жатақхана станцияда жұмыс істейтін және Достықта тұрақты тұратын жас мамандар мен жас отбасыларға беріледі, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Бір қабатты ғимарат 1995 жылы салынған. Жатақханада 11 тұрғын бөлме, екі санитарлық торап, душ, тұрмыстық үй-жайлар және ортақ дәліз бар. Жөндеу жұмыстары «Теміржолсу-Алматы» ЖШС күшімен орындалды.

Жұмыс барысында тұрғын және тұрмыстық үй-жайлар, негізгі инженерлік желілер жаңартылып, терезелер мен есіктер толығымен ауыстырылды.
Достық станциясы қиын климаттық аймақта орналасқан. Бұл ретте теміржолшылар Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалының негізгі бағыттарының бірінде станция мен инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.
Достық станциясында теміржол қызметкерлеріне арналған екі жатақхана жұмыс істейді. Екінші жатақхананы жөндеуді ағымдағы жылдың соңына дейін жүргізу жоспарлануда.
Жатақханаларды жаңарту компанияның жас мамандары мен қызметкерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.
