Кәсібилік – қауіпсіздік кепілі
Теміржолшы біліктілігі, маманның кәсіби де техникалық сауатты болуы – қызмет барысындағы қауіпсіздік негізі. Бұл қағида Семей жол бөлімшесінде де басты ұстаным саналады.
Қозғалыс қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау шараларын жетілдіру аясында сала мамандарының тәжірибесін арттыру, біліктіліктерін шыңдау ісі бірінші кезекте жолға қойылған. Бөлімше бойынша әсіресе станция қызметкерлерінің кәсібилігіне баса көңіл бөлінген. Қызметтік ережелер мен қауіпсіздік және еңбекті қорғау инструкциясын үздік меңгерген қозғалысшы ғана талап үдесінен шыға алады. Ал бұл бағыттағы шаралар жылма-жыл үзіліссіз жүргізіледі. Соның ішінде теміржолшыларды кәсіби тұрғыдан оқыту, біліктіліктерін жетілдіру бағытындағы жұмыстарды айрықша атап өтуге болады. Мәселен, ағымдағы жылдың алты айының ішінде республикадағы теміржолшыларды қайта оқыту орталықтарына 11 маман білімін жетілдірген екен. Ал осынау мерзім ішінде Астана қаласындағы көлік технологиялары орталығында 4 адам арнайы біліктілік жоғарылату курсынан өтіп қайтыпты.
Тек қатардағы теміржолшының кәсіби болуы аздық етеді. Қозғалыс барысын ұйымдастырушы, үдерісті қадағалаушы басты тұлға станция бастығының да біліктілігі жоғары болуы міндет. Биылғы жылы екі станция бастығы, бір станцияның инженер-технологы мен бөлім бастығының орынбасары Елордадағы оқу орталығында біліктілігін шыңдап, кәсібилік қырын дамытып қайтты. Бұл сөз жоқ, еңбектегі жетістікке де оң әсер ететіні анық, – дейді Семей жүк тасымалдау бөлімшесінің кадр бөлімінің басшысы Шалқар Мусаинов.
Жалпы, қазіргі күні станция қызметкерлеріне қойылатын талап қатаң. Сондықтан болар, бөлімше бойынша түрлі байқаулар мен ойын түріндегі техникалық дәрістер жиі өткізіледі. Басты тақырып ретінде қауіпті өндірістік факторлар, станциядағы габаритті емес орындарды санамалап шығу, локальды актілер жайлы сөз қозғалады. Мұндай байқауларда теміржолшының кәсіби білімінің деңгейі ғана емес, жұмыс орнын даярлау, қызмет барысындағы өзін-өзі ұстау мәдениеті, өндіріс барысындағы үдерістерден қаншалықты хабардар екендігі де сарапқа түсуде. Бұл шаралардың барлығы да өз кезегінде станция қызметкерлерінің кәсібилігін жоғарылата түспек.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды