16 станцияны аралаған "Денсаулық" дәрігерлік пойызы тұрғындардан алғыс арқалап қайтты

Әлеумет
20.12.2018, 11:55

«Денсаулық» мамандандырылған профилактикалық сауықтыру пойызы Алматы облысын аралап, 21 күн ішінде 16 станция мен разъезге ат шалдырды. Дөңгелекті емхананың соңғы аялдамасы Алтынкөл станциясы болды. Таңертеңнен бері қабылдауға кіріскен жылжымалы емхана қызметіне жүгінген тек Алтынкөл станциясы тұрғындары ғана емес, жақын маңда орналасқан Пиджим, Лавар кенттерінің де тұрғындары келіп, кезекке тұрып жатты.  

«Дөңгелек үстіндегі емхана» осы жиырма күннен астам уақыт ішінде алты мыңнан астам адамды қабылдаған, бір адам орташа алғанда үш маманға қаралған. 300-ден астам лабораториялық тексеру мен диагностикалық рәсімдер кешені жүргізілген. «Денсаулық» пойызының жолға шығуы – игілікті іс, теміржолшылар мен олардың отбасыларына үлкен әлеуметтік маңызы бар, өйткені бұл пойыздың ерекшелігі медицина саласындағы заманауи кешенді технологиялардың арқасында дәрігерлік кеңестер мен білікті көмек беру болып табылады.  

– Қолда бар мобильді база білікті медициналық көмек көрсетуге қабілетті. Осы күнге дейін 6786 адам қабылданып, 486 адамнан қант диабеті, гайморит, іріңді отит сынды аурулар, үш пациенттен туберкулез анықталған, липоманы жою, фурункулды ашу сияқты кішігірім хирургиялық оталар жасалды, – деп мәліметпен бөлісті медициналық бригаданың бас дәрігері Арман Тулахбаев.

Мамандардың айтуынша, тексеру кезінде теміржолшыларда анықталған жүректің гипертониялық және ишемиялық аурулары, қолайсыз климаттық аймақтарда анемияның белең алып тұрғаны алаңдаушылық туғызады.

Жергілікті жерлерде – офтальмолог, эндокринолог, невропатолог дәрігерлері, ал әйелдерде маммолог үлкен сұранысқа ие екені жасырын емес, ауылдық емханаларда маммолог түгілі, гинеколог жоқтың қасы. Бірінші тексерістен-ақ адамдардың көбі жүрек-қан тамырлары, ас қорыту жолы ауруларымен, қан қысымының күрт көтерілуімен зардап шегетіні анықталды. Сонымен қатар асқазан, бүйрек пен көз ауруларына шағымданғандар қатары көп болған. Анықталған науқастар әрі қарай ем алуға аудандық және облыстық ауруханаларға жолданыпты.

 Медициналық бригаданың Алматы облысына сапары барысында оның жұмысына жергілікті халықтан еш шағым түскен жоқ, керісінше, алғыс арқалап қайтты.

– Алтынкөл – облыстағы соңғы нүкте. Енді республиканың басқа аймақтарына аттанып, миссиямызды әрі қарай жалғастырамыз, – деді пойыздың бас дәрігері.

Елена ҚОЛДАСБАЕВА,

Алматы облысы


Жаңалықтар
22.07.2024
Қазақстан, Түрікменстан және Ауғанстан жаңа теміржол магистралінің құрылысын талқылады
Инфрақұрылым
22.07.2024
Күрделі жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда
Әлеумет
22.07.2024
Теміржолшылардың балалары лагерге аттанды
Спорт
22.07.2024
Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай Таразда спартакиада өтті
Жаңалықтар
22.07.2024
Ауғанстан, Түрікменстан және Өзбекстан делегациясы Бейнеу астық терминалының мүмкіндігімен танысты
Жолаушылар тасымалы
22.07.2024
Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арнайы безендірілген пойыз жолға шықты
Темір жол тарихы
21.07.2024
«Алатау» жүрдек пойызы қалай пайда болды?
Жаңалықтар
19.07.2024
Жаңа – Есіл локомотив депосының паркі жаңартылды
Жаңалықтар
19.07.2024
Мемлекеттік тілді дамыту бойынша өткен байқаудың жеңімпаздары анықталды
Станция тынысы
19.07.2024
Шағыр станциясында жүк тиеп жөнелту артып келеді
Аймақтар
19.07.2024
«Жасыл істер марафонында» Жамбыл бөлімшесі бірінші орынды жеңіп алды
Жүк тасымалы
19.07.2024
Биыл Қытайға 2 млн тоннадан астам астық экспортталмақ
Сұхбат
19.07.2024
Барлық сын-тегеурінге төтеп бердік
Инфрақұрылым
19.07.2024
11 мың шақырым теміржол жөндеуден өтеді
Жаңалықтар / Мұрағат
19.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №59 19 шілде 2024 жыл
Қауіпсіздік
18.07.2024
Темір жолдағы химиялық апаттарды жою бойынша оқу-жаттығу өтті
Әлеумет
18.07.2024
50 бала лагерьге аттанды
Қауіпсіздік
18.07.2024
Жанып келе жатқан жолаушылар пойызы сөндірілді
ҚТЖ келбеті
18.07.2024
Велосаяхатшы сапарға шықты
Жүк тасымалы
18.07.2024
Қазақстанда теміржол көлігімен тасымалданатын шикізаттық емес экспорт көлемі артты