Серік Әбденов ұлттық компаниядағы жастар саясаты туралы айтып берді

Әлеумет
24.01.2019, 18:08

Қоғам болған соң жетім мен жесір болмай тұрмайды. Дей тұрғанмен, ежелден жетім-жесірін жылатпаған елдің бүгінгі ұрпағы қоғамның аз қамтамасыз етілген бөлігіне қамқорлық жасау үрдісінен шет қалып жатқан жоқ. Әсіресе жастар белсенді. Соның ішінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдарының жастары өздерінің қайырымдылық істерімен танылып отыр.  

Жалпы, Білім және ғылым министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәліметіне қарағанда, 1999-2012 жылдары елімізде 47421 бала асырап алынса, ал 2013-2017 жылдар аралығында 12420 бала отбасылық ортада өмір сүруге көшкен. Мемлекет тарапынан асырап алынған әр бала үшін жәрдемақы төленеді. Әрине қанша қамқорлық таңытылса да, ол бәрібір баланың биологиялық әке-шешесінің орнын алмастыра алмасы анық.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Серік Әбденов жастардың кәсіби және тұлғалық өсуіне қатысты өткізген брифингінде жастардың ізгілікке толы игі істері басшылық тапсырмасымен емес, өздерінің жеке бастамаларымен жүзеге асып жатқандығына ерекше назар аудартты. Жалпы бүгінгі таңда Компания мен оның еншілес ұйымдарында 52 мың жас қызметкер жұмыс істесе, бұл барлық қызметкерлер санының 39% құрайды. Ұйымшыл жастар тіпті әлеуметтік желіде өздерінің «Zhastemir.kz» сайтын ашып, белсенділігін танытып келеді. С.Әбденов Компания жастарының бірқатар игі істерін атап өтті. Мысалы, Астана магистральдық темір жол бөлімшесінде жұмыс істейтін бір теміржолшының екі баласы да церебралды сал ауруына шалдыққан. Жастар ұйымы аталған отбасыны қолдау мақсатында қолдарынан келген көмегін аяған емес. Бұдан басқа, ақтөбелік жас теміржолшылар Алға станциясындағы балалар үйіне барып, әртүрлі қайрымдылық шаралар ұйымдастырып жүр. Ал Семейдегі балалар үйінің тәрбиеленушілерін жас теміржолшы отбасылары демалыс кездерінде 10 күнге дейін үйлеріне сұрап алып, отбасылық жылулықтарын сыйлайды және тәлім-тәрбиелерін көрсетіп келеді. Ал қызылордалық жас теміржолшылар балалар үйінің тәрбиеленушілерін аквапаркке апарып, кешке дейін солармен қыдырып, бір күндерін арнауды дәстүрге айналдырған. Сөз реті келгенде С.Әбденов бір кездері Өскемен өңірінде жетім балаларға болашақта баспана сатып алу үшін Құрылыс жинақ банкінде арнайы есеп-шот ашып қаржы аудару тәжірибесінің сәтті жүзеге асып жатқандығына да назар аудартты. Жастар 10 баланы патронаждық қамқорлықтарына алып, Құрылыс жинақ банкінде қаражаттарының жиналуына көмек көрсетуде. Баланың кәмелет жасына толуына дейін тиісті қаражатын жинап, оның баспаналы болуына қолғабыс ететін жастардың бұл қайырымдылығы өзге өңірлерге де қолдануға тұрарлық тәжірибе ретінде танылуда.

Қорыта айтқанда, жетім балалар мәселесі қоғам болып қолға алатын маңызды шара екені белгілі. Соңғы жылдары жетімдер санының азайып келе жатқаны көңілге медеу. Дей тұрғанмен, кейбір жастардың қателігінен өмір есігін ашқан бейкүнә сәбилердің тағдыры жауапкершілігі бар жандарды, атап айтқанда теміржолшы жастарды бей-жай қалдырмауда.

Асқар Исақов, Астана 

Жаңалықтар
22.07.2024
Қазақстан, Түрікменстан және Ауғанстан жаңа теміржол магистралінің құрылысын талқылады
Инфрақұрылым
22.07.2024
Күрделі жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда
Әлеумет
22.07.2024
Теміржолшылардың балалары лагерге аттанды
Спорт
22.07.2024
Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай Таразда спартакиада өтті
Жаңалықтар
22.07.2024
Ауғанстан, Түрікменстан және Өзбекстан делегациясы Бейнеу астық терминалының мүмкіндігімен танысты
Жолаушылар тасымалы
22.07.2024
Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арнайы безендірілген пойыз жолға шықты
Темір жол тарихы
21.07.2024
«Алатау» жүрдек пойызы қалай пайда болды?
Жаңалықтар
19.07.2024
Жаңа – Есіл локомотив депосының паркі жаңартылды
Жаңалықтар
19.07.2024
Мемлекеттік тілді дамыту бойынша өткен байқаудың жеңімпаздары анықталды
Станция тынысы
19.07.2024
Шағыр станциясында жүк тиеп жөнелту артып келеді
Аймақтар
19.07.2024
«Жасыл істер марафонында» Жамбыл бөлімшесі бірінші орынды жеңіп алды
Жүк тасымалы
19.07.2024
Биыл Қытайға 2 млн тоннадан астам астық экспортталмақ
Сұхбат
19.07.2024
Барлық сын-тегеурінге төтеп бердік
Инфрақұрылым
19.07.2024
11 мың шақырым теміржол жөндеуден өтеді
Жаңалықтар / Мұрағат
19.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №59 19 шілде 2024 жыл
Қауіпсіздік
18.07.2024
Темір жолдағы химиялық апаттарды жою бойынша оқу-жаттығу өтті
Әлеумет
18.07.2024
50 бала лагерьге аттанды
Қауіпсіздік
18.07.2024
Жанып келе жатқан жолаушылар пойызы сөндірілді
ҚТЖ келбеті
18.07.2024
Велосаяхатшы сапарға шықты
Жүк тасымалы
18.07.2024
Қазақстанда теміржол көлігімен тасымалданатын шикізаттық емес экспорт көлемі артты