Атыраулық Алтай Сүйегенов: Елбасы жастарға жол көрсетті, мемлекетіміздің дамуына өз үлесімізді қосамыз

Әлеумет
24.01.2019, 18:23

         2019 жыл – Жастар жылы деп жариялануына орай 23 қаңтар күні Астанадағы «Нұр Әлем» – «Болашақ энергиясы» мұражайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті. «Тәуелсіздік ұрпақтары» деген атпен өткен шараға қоғамның түрлі салаларында тыңнан түрен салып, жас та болса, бас болып, қатарынан оза шыққан талантты, білікті жастар арнайы шақырылды. Олардың қатарында, әрине өршіл идеяларымен өндірісті өрге бастыруға атсалысып жүрген «ҚТЖ» жастары да болды.  

        Шара басталар алдында «Жас қазақстандықтардың жобалары» көрмесінде Қазақстан Президентіне дарынды жастардың «NNaimi.kz», «Shoqan suits», «Qazaq eli», «Beyond», «Kusto Group» секілді табысты жобалары таныстырылды. Жастар жылының ашылу салтанаты еліміздің барлық телеарналары арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

        «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ құқықтық қамтамасыз ету департаментінің менеджері, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Астана қаласы бойынша жастар ісі жөніндегі кеңесінің өңірлік төрайымы Гүлім Бейсбекова, «ҚТЖ» ҰК» АҚ ұйымдастырушылық даму департаментінің менеджері, «Жоба менеджменті» байқауының екінші орын жүлдегері, сол байқауда «ҚТЖ Smart» жобасын ұсынған Талғат Бекмағамбетов, Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің инженер-бағдарламашысы, «Жоба менеджменті» байқауының финалисті, сол байқауда «Автоматтандыру және орталықтандыру» жобасын ұсынған Мұхамедәлі Сарсембеков және Атырау ЖТ бөлімшесі локомотив бригадаларының резерв бастығы Алтай Сүйегенов теміржол жастарының атынан айтулы шараға қатысты.

 Еліміздегі маңдайалды, қабілет-қарымымен танылған замандас-қатарластарымен бірге мемлекет басшысымен кездесіп, ел ертеңі – жастарға артылар үміт пен сенімді терең сезініп қайтқан төрт теміржол маманы да осы шарадан алған әсерлерімен бөлісті.

– Алған әсерім керемет. Елбасымыз бен талантты жастардың сөзі мені жаңа белес, жеңістерге жетеледі. Осы жастар форумына қатысу мүмкіндігіне ие болғаным үшін бақыттымын. 2019 жыл – Жастар жылы, яғни біздің жылымыз. Бұл біз үшін өзімізді дамытып, бар қабілетімізді көрсетуге берілген зор мүмкіндік, – дейді Гүлім Бейсбекова.

– «ҚТЖ» жастарының 9 республикалык форумындағы инновациялық жобаларды қолдау Елбасымыздың жастар жылындағы алға қойған мақсатына толықтай сай келеді. Бүгінде сол жобаларымызды жүзеге асыру жолындамыз. Қызылорданың атынан іске қосылатын 2 жоба ұлттық компанияда қолдау тауып отыр. Болашақ біздің қолда, – дейді өзіне сенімді М.Сәрсембеков.

Ал атыраулық теміржолшы Алтай Сүйегенов: «Елбасы саясатын толық қолдаймыз. Жастар жылы біздердің, жастардың жан-жақты дамуына үлкен серпін беріп отыр. Соның ішінде темір жол саласындағы жастарға бұл зор жауапкершілік артады. Өзім 27 жасымда резерв бөлімінің бастығы болып отырмын. Жаңа Елбасымыз ел жастарының алдына үлкен істерді мақсат етіп, бізге жол көрсетті. Соны әрі қарай жалғастырып, мемлекетіміздің дамуына өз үлесімізді қосамыз», – деп жүрекжарды сөзін жеткізді.

 «Нұр Отан» партиясынан бастап, мемлекетіміздің барлық басқарушы органдарының жетекшілері және ел жастары жиналған жиында Жастар жылы сынды бастаманың арқасында осы саладағы жұмыс күшейе түсетіні айтылды. Жастар жылы Қазақстан жастарына үлкен, әрі тарихи мүмкіндік беріп отыр. Біріншіден, жастардың рухани жағынан баюына баса назар аудару қажет. Екіншіден, білім мәселесін ескеру керек. Жастар арасындағы құқықтық мәдениетті, қоғамдық тәртіпті күшейтіп, құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушіліктің қалыптастыру шараларына басымдық берген жөн. Осының нәтижесінде мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі артады.

 Жастарды тыңдап болған соң сөз алған Мемлекет басшысы ата-баба арманына жеткен Тәуелсіз Қазақстан осы жылдар ішінде көптеген биік белестерді бағындырғанын атай келе, соның ең бастысы осы форумға қатысып отырған еліміздің жас жаңа буынының қалыптасуы екеніне ерекше тоқталды.

Райхан РАХМЕТОВА

Суретті түсірген автор


Жаңалықтар
22.07.2024
Қазақстан, Түрікменстан және Ауғанстан жаңа теміржол магистралінің құрылысын талқылады
Инфрақұрылым
22.07.2024
Күрделі жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда
Әлеумет
22.07.2024
Теміржолшылардың балалары лагерге аттанды
Спорт
22.07.2024
Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай Таразда спартакиада өтті
Жаңалықтар
22.07.2024
Ауғанстан, Түрікменстан және Өзбекстан делегациясы Бейнеу астық терминалының мүмкіндігімен танысты
Жолаушылар тасымалы
22.07.2024
Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арнайы безендірілген пойыз жолға шықты
Темір жол тарихы
21.07.2024
«Алатау» жүрдек пойызы қалай пайда болды?
Жаңалықтар
19.07.2024
Жаңа – Есіл локомотив депосының паркі жаңартылды
Жаңалықтар
19.07.2024
Мемлекеттік тілді дамыту бойынша өткен байқаудың жеңімпаздары анықталды
Станция тынысы
19.07.2024
Шағыр станциясында жүк тиеп жөнелту артып келеді
Аймақтар
19.07.2024
«Жасыл істер марафонында» Жамбыл бөлімшесі бірінші орынды жеңіп алды
Жүк тасымалы
19.07.2024
Биыл Қытайға 2 млн тоннадан астам астық экспортталмақ
Сұхбат
19.07.2024
Барлық сын-тегеурінге төтеп бердік
Инфрақұрылым
19.07.2024
11 мың шақырым теміржол жөндеуден өтеді
Жаңалықтар / Мұрағат
19.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №59 19 шілде 2024 жыл
Қауіпсіздік
18.07.2024
Темір жолдағы химиялық апаттарды жою бойынша оқу-жаттығу өтті
Әлеумет
18.07.2024
50 бала лагерьге аттанды
Қауіпсіздік
18.07.2024
Жанып келе жатқан жолаушылар пойызы сөндірілді
ҚТЖ келбеті
18.07.2024
Велосаяхатшы сапарға шықты
Жүк тасымалы
18.07.2024
Қазақстанда теміржол көлігімен тасымалданатын шикізаттық емес экспорт көлемі артты