Алматы-1 және Алматы-2 вокзалдары: жайлылыққа жаңа көзғарас

Әлеумет
08.04.2019, 22:43

Вокзал – кез келген қаланың айнасы. Жолаушының ең алғашқы әсері қаланың кіреберіс қақпасынан басталатыны да шындық. Бүгінгі таңда елімізде 400-ден астам ірілі-ұсақты вокзалдар бар екен. Алайда олардың бәрі талаптан шығады деп айту қиын. Сондықтан, бұқара халыққа қызмет көрсететін қоғамдық орындардың бірі вокзалдарда сервисті дамыту, жолаушы халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету – ұлттық компанияның ең басты ұстанымы болып қала бермек. 

Осы мақсатта «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ кейбір вокзал ғимараттарын жергілікті әкімдіктер меншігіне беріп, қала көркіне сай жаңғыртуды ұсынып отыр. Сондай нысандардың қатарына Алматы-1 және Алматы-2 вокзалдары ғимараттарын жатқызуға болады. Алматы қаласының коммунальдық меншігіне өткен вокзалдар заман талабына сай өзгеруі тиіс. Әрине, мұндай тәжірибе бұған дейін де орын алғанын, бірақ вокзалдарды жергілікті билік алансына беру оң нәтиже бермегенін білеміз. Бұл жолы барлық кемшіліктер сарапқа салынып, өткеннен сабақ алып, мәселеге жаңаша көзқараспен келуді қажет етеді. Алматы қаласының теміржол вокзалдарын қала меншігіне беру туралы 2018 жылдың 14 желтоқсанында «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Магистралдық желі дирекциясы мен Алматы қаласының әкімдігі бірлесе жол картасын қабылдаған. Аталған жол картасына сәйкес Алматы-1 және Алматы-2 вокзалдарының ғимараттары қала меншігіне беріледі. Вокзалдарды қала меншігіне өткізу 2019 жылдың 1 шілдесіне жоспарланып отыр.

Алматының туристік аймаққа айналатынын қаперге ала отыра, жолаушыларға сервистік қызмет көрсету  бағытындағы «ҚТЖ» ҰК» АҚ ұсыныстары құнды екендігін де еске сала кеткен жөн. Қазіргі таңда Алматы-1 вокзалын қайта жаңғырту бойынша жобалықсметалық құжаттар әзірленіп, «Алматы-1 теміржол вокзалын жаңғырту» жұмыс жобасы «Мемсараптама» РМК бірыңғай порталына жүктелген. Бүгінде аталған жоба сараптамадан өткізілуде.

Ал вокзалға жаңғырту жұмыстарын жүргізу туралы мәселенің шешімі, Алматы қалалық әкімшілігі оны өз меншігіне қабылдап алғаннан кейін шығарылады деп күтілуде. 

Вокзал ғимараты келбетін түбегейлі өзгерту, әзірге қағаз жүзінде болса да, жоба өзінің әдемілігімен тартымды көрінеді. Егер жүзеге асып жатса, жолаушылар мен қала қонақтары үшін көрнекті орындардың біріне айналуы әбден мүмкін. Вокзал ғимараты: операциялық, сервистік және қамтамасыз етуші деп үшке бөлінеді деп жоспарланған. Мәселен, операциялық аймақта операциялық, таратушы, касса мен күту залдары және анықтама бюросы орналасады. Ал сервистік аймаққа қол жүктерін сақтау камерасы, ана мен бала және транзиттік жолаушылардың ұзақ демалысына арналған бөлмелері, сервисорталығы, шағын маркеттер, тамақтанатын орындар, сауда киоскілері, шаштараздар, әжетханалар болады. Қамтамасыз ету аймағында вокзал, станция басшылығы, вокзал бойынша кезекшілер, санитарлықгигиеналық пункт және өзге де қызметтік нысандар орын тебеді.

Сондай-ақ вокзал ғимаратында мүмкіндігі шектеулі жандарға да ақпараттық құрылғылар орнату да назардан тыс қалмаған. Жолаушылардың екінші немесе үшінші жолдарға қауіпсіз өтуі үшін инженерлік жүйелер және  инфрақұрылымдар жетілдірілген. Реті келгенде айта кету керек, жобалық-сметалық құжаттама әзірге тек  Алматы-1 вокзалына ғана әзірленіпті, ал Алматы-2 вокзалы бойынша жобалық-сметалық құжаттама тек вокзал ғимаратын қала әкімдігі өз меншігіне қабылдап алғаннан кейін ғана қолға алынады деп күтілуде.

Орайы келгенде, жобада жолаушының жайлылығы үшін барлық жағдай қарастырылғандығын ерекше атап кеткен орынды. Жобада отырып демалуға болатын бос орындардың көптігі, ғимарат ішіндегі ауаның реттеліп отырылуы, жоғары жылдамдықты WIFI қамтылуы, күту залдарының барынша жарық та жылылығына ерекше көңіл бөлінген. Алматы-1 вокзалының ғимаратында конкорстық өтпенің аумағы кеңейіп, қосымша заманауи эскалаторлар мен лифттер орнатылмақ. Бұдан басқа, адамның табиғат аясында отырғандай әсер беретін басты залда жарық  түсіріліп тұратын құлама су жасалса, екінші қабаттағы конкорстық өтпеге қарсы бетке декоративті субұрқағы  қойылмақшы. Вокзалдың айналасы да өзгеріске ұшырап, барынша жасыл желекке оранады деп күтілуде. 

Сонымен қатар тамақтанатын орындар, басылымдарды саудалайтын орындар, шағын маркеттер, дәріханалар, айырбастау пунктері, балалар тауарлары, кофехана, төлеу терминалдары мен банкоматтар және өзге де қызмет түрлерінің барлығы дерлік қамтылуы көңілге қонымды.

Мұндай өзгеріс Алматы-2 вокзалына да қатысты болмақ. Тек содан кейін ғана вокзал ғимарттарының екінші  тынысы ашылады деп нық сеніммен айтуға болады. 

Асқар ИСАҚОВ

Жаңалықтар
22.07.2024
Қазақстан, Түрікменстан және Ауғанстан жаңа теміржол магистралінің құрылысын талқылады
Инфрақұрылым
22.07.2024
Күрделі жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда
Әлеумет
22.07.2024
Теміржолшылардың балалары лагерге аттанды
Спорт
22.07.2024
Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай Таразда спартакиада өтті
Жаңалықтар
22.07.2024
Ауғанстан, Түрікменстан және Өзбекстан делегациясы Бейнеу астық терминалының мүмкіндігімен танысты
Жолаушылар тасымалы
22.07.2024
Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арнайы безендірілген пойыз жолға шықты
Темір жол тарихы
21.07.2024
«Алатау» жүрдек пойызы қалай пайда болды?
Жаңалықтар
19.07.2024
Жаңа – Есіл локомотив депосының паркі жаңартылды
Жаңалықтар
19.07.2024
Мемлекеттік тілді дамыту бойынша өткен байқаудың жеңімпаздары анықталды
Станция тынысы
19.07.2024
Шағыр станциясында жүк тиеп жөнелту артып келеді
Аймақтар
19.07.2024
«Жасыл істер марафонында» Жамбыл бөлімшесі бірінші орынды жеңіп алды
Жүк тасымалы
19.07.2024
Биыл Қытайға 2 млн тоннадан астам астық экспортталмақ
Сұхбат
19.07.2024
Барлық сын-тегеурінге төтеп бердік
Инфрақұрылым
19.07.2024
11 мың шақырым теміржол жөндеуден өтеді
Жаңалықтар / Мұрағат
19.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №59 19 шілде 2024 жыл
Қауіпсіздік
18.07.2024
Темір жолдағы химиялық апаттарды жою бойынша оқу-жаттығу өтті
Әлеумет
18.07.2024
50 бала лагерьге аттанды
Қауіпсіздік
18.07.2024
Жанып келе жатқан жолаушылар пойызы сөндірілді
ҚТЖ келбеті
18.07.2024
Велосаяхатшы сапарға шықты
Жүк тасымалы
18.07.2024
Қазақстанда теміржол көлігімен тасымалданатын шикізаттық емес экспорт көлемі артты