Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай семинар-кеңес өтті

Әлеумет
30.04.2019, 12:06

Семей ЖТ бөлімшесінде дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай кеңейтілген семинар-кеңес болып өтті. Басқосуға бөлімшеге қарасты барлық мекемелер бойынша еңбекті қорғау инженерлері, қатардағы теміржолшылар, кәсіподақ ұйымдарының төрағалары жиналды.

Шараны Семей ЖТ бөлімшесінің бас инженері Самат Төлепов ашып, биылғы жылы халықаралық еңбекті қорғау ұйымының құрылғанына 100 жыл толатынын айтып өтіп, аталмыш бағытта ұлттық компания бойынша атқарылып жатқан шаралар қатарына тоқталды. Осы орайда өндіріс орындарындағы адам шығынын азайту мен кәсіптік сырқаттарға жол бермеу және еңбеккерлерге қолайлы жағдай жасауда бөлімше бойынша қолға алынған жұмыстар қатарына шолу жасап өтті. 

Бұл ретте алдағы уақыттарда да жоспарлы шаралар бар екендігін жеткізген С.Қашқымбекұлы дүниежүзілік еңбекті қорғау күні мереке емес, жұмыс орындарындағы бақытсыз жағдайда қаза болған әріптестерді еске алу күні екендігін де баса айтты. Осыдан соң бір минут үнсіздік жарияланып, қызмет бабында жүріп мерт болғандар рухына тағзым жасалды. 

Семинар-кеңес барысында бөлімше бойынша еңбек қауіпсіздігіне нұқсан келтірер жайттар және олардың алдын алу, еңбекті қорғау инженерлеріне жүктелер тың міндеттер жайында да кеңінен сөз болды. Самат Төлепов өндіріс орындарындағы апатты немесе жазатайым жағдайлар бойынша Шығыс Қазақстан облысы Қарағандыдан кейінгі екінші орында тұрғанын құлаққағыс етті. Ал, керісінше, еліміздің батыс өңірлерінде мұндай көрсеткіштер өте төмен деңгейде екен. 

Жиналғандар алдында аталмыш шараны ұйымдастырушылардың бірі, теміржолшылар кәсіподағы ұйымының төрағасы Алик Досанов та баяндама жасап, сала қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтау және нығайту жайында келелі әңгіме қозғады. Сонымен қатар, ШҚО Семей өңірі бойынша мемлекеттік еңбек қорғау инспекторы Валерий Востоков сөз алып, еңбек қауіпсіздігі мәселелері жөнінде арнайы баяндама жасады. В.Викторович өз деректерінде өткен жылы Семей өңірі бойынша жұмыс орындарында 5 қайғылы жағдай орын алғанын айта келіп, оның ішінде өкінішке орай теміржолшылар да бар екендігін жасырмады. Бір ерекшелігі, өндіріс барысында қайғылы қазаға ұшырайтындардың басым көпшілігі еңбек өтілі жоғары, тәжірибелі мамандар екен. Бұл жайт, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауда «бәрі білем» деп енжарлыққа салынбау керегін, жазатайым оқиға жас таңдамайтынын аңғартады. 

Семинар-кеңес соңында бөлімшенің еңбекті қорғау инженерлері сөз алып, жуырда жарияланған байқаулар қорытындысын шығарды. Еңбекті қорғау күніне орай ең үздік еңбек қорғау бұрышы Аягөз станциясына, ең үздік тамақтану бөлмесі Семей станциясына, ең үздік еңбек қорғау кабинеті ВЧДЭ мекемесіне тиесілі болып, ал жоғары деңгейдегі санитарлықтұрмыстық қызмет бойынша ТЧЭ-24 және ТЧЭ-25 мекемелері жеңімпаз атанды. Барлық аталымдар бойынша үздік деп танылған мекемелер арнайы сыйлықтармен, мақтау грамоталарымен марапатталып, әріптестерінің қошеметіне кенелді.

Шара соңында ашық алаңқайға шыққан теміржолшылар халықаралық еңбекті қорғау күніне орай әуеге түрлі түсті шарлар ұшырды.

Жаңалықтар
22.07.2024
Қазақстан, Түрікменстан және Ауғанстан жаңа теміржол магистралінің құрылысын талқылады
Инфрақұрылым
22.07.2024
Күрделі жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда
Әлеумет
22.07.2024
Теміржолшылардың балалары лагерге аттанды
Спорт
22.07.2024
Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай Таразда спартакиада өтті
Жаңалықтар
22.07.2024
Ауғанстан, Түрікменстан және Өзбекстан делегациясы Бейнеу астық терминалының мүмкіндігімен танысты
Жолаушылар тасымалы
22.07.2024
Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арнайы безендірілген пойыз жолға шықты
Темір жол тарихы
21.07.2024
«Алатау» жүрдек пойызы қалай пайда болды?
Жаңалықтар
19.07.2024
Жаңа – Есіл локомотив депосының паркі жаңартылды
Жаңалықтар
19.07.2024
Мемлекеттік тілді дамыту бойынша өткен байқаудың жеңімпаздары анықталды
Станция тынысы
19.07.2024
Шағыр станциясында жүк тиеп жөнелту артып келеді
Аймақтар
19.07.2024
«Жасыл істер марафонында» Жамбыл бөлімшесі бірінші орынды жеңіп алды
Жүк тасымалы
19.07.2024
Биыл Қытайға 2 млн тоннадан астам астық экспортталмақ
Сұхбат
19.07.2024
Барлық сын-тегеурінге төтеп бердік
Инфрақұрылым
19.07.2024
11 мың шақырым теміржол жөндеуден өтеді
Жаңалықтар / Мұрағат
19.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №59 19 шілде 2024 жыл
Қауіпсіздік
18.07.2024
Темір жолдағы химиялық апаттарды жою бойынша оқу-жаттығу өтті
Әлеумет
18.07.2024
50 бала лагерьге аттанды
Қауіпсіздік
18.07.2024
Жанып келе жатқан жолаушылар пойызы сөндірілді
ҚТЖ келбеті
18.07.2024
Велосаяхатшы сапарға шықты
Жүк тасымалы
18.07.2024
Қазақстанда теміржол көлігімен тасымалданатын шикізаттық емес экспорт көлемі артты