Ақтөбеде Жеңіс күні құрметіне жеңіл атлетикадан жарыс өтті

Әлеумет
09.05.2019, 08:17

Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі демалыс күні Жеңіс күні құрметіне жеңіл атлетикадан жарыс өткізді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржолшыларының арасында спорттық жарыстар ұйымдастыру – дәстүрге айналған шара. Кешегі өткен шара да соның айғағы. Ақтөбедегі мұнайшылар стадионында өткен жарысқа теміржол мекемелерінен 10 команда қатысуға тілек білдірген.

«Алдымызда келе жатқан Ұлы Жеңіс күніне магистральдық желі бөлімшесінің спорт нұсқаушыларының ұйымдастыруымен жеңіл атлетикадан спорттық шара ұйымдастырылды. Мақсат – жұмысшылар арасында ауызбіршілікті нығайту мен салауатты өмір салтын ұстануға үндеу. ҚТЖ құрама командасының арасында мықты спортшылар аз емес. Шараның соңы «Никотинге дәрумен» акциясымен жалғасты. Акция елордадан басталып, эстафетаны жалғастыруда. Бізден кейін Шалқар және Ақтөбе әскери күзет мекемесі өткізді», – дейді спорт нұсқаушысы Нұргүл Батырхан.

Спорттық бәсекеде НЖС-11 командасының желаяқтары бас жүлдені еншіледі. Ал бас есептеу орталығы мен Жолаушы вагондарын жөндеу мекемесінің командалары одан кейінгі жүлделі орындарды бөлісті. Жекелеген жарыстарда 1000 метрге жүгіруден Никельтау станциясының маманы Айбек Жолдыбай жеңіске жетті. 500 метр қашықтықта бас есептеу орталығынан Нұрлыбек Сүйінов пен вагон сервис мекемесінен Ақпатша Сариева жеңіске жетті. Ал 300 метр қашықтыққа жүгіруден әйелдер арасынан ардагер теміржолшы Гүлшат Бижановаға жететін жан болмады.

Ардақ ЕРУБАЕВА

Жаңалықтар
22.07.2024
Қазақстан, Түрікменстан және Ауғанстан жаңа теміржол магистралінің құрылысын талқылады
Инфрақұрылым
22.07.2024
Күрделі жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда
Әлеумет
22.07.2024
Теміржолшылардың балалары лагерге аттанды
Спорт
22.07.2024
Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай Таразда спартакиада өтті
Жаңалықтар
22.07.2024
Ауғанстан, Түрікменстан және Өзбекстан делегациясы Бейнеу астық терминалының мүмкіндігімен танысты
Жолаушылар тасымалы
22.07.2024
Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арнайы безендірілген пойыз жолға шықты
Темір жол тарихы
21.07.2024
«Алатау» жүрдек пойызы қалай пайда болды?
Жаңалықтар
19.07.2024
Жаңа – Есіл локомотив депосының паркі жаңартылды
Жаңалықтар
19.07.2024
Мемлекеттік тілді дамыту бойынша өткен байқаудың жеңімпаздары анықталды
Станция тынысы
19.07.2024
Шағыр станциясында жүк тиеп жөнелту артып келеді
Аймақтар
19.07.2024
«Жасыл істер марафонында» Жамбыл бөлімшесі бірінші орынды жеңіп алды
Жүк тасымалы
19.07.2024
Биыл Қытайға 2 млн тоннадан астам астық экспортталмақ
Сұхбат
19.07.2024
Барлық сын-тегеурінге төтеп бердік
Инфрақұрылым
19.07.2024
11 мың шақырым теміржол жөндеуден өтеді
Жаңалықтар / Мұрағат
19.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №59 19 шілде 2024 жыл
Қауіпсіздік
18.07.2024
Темір жолдағы химиялық апаттарды жою бойынша оқу-жаттығу өтті
Әлеумет
18.07.2024
50 бала лагерьге аттанды
Қауіпсіздік
18.07.2024
Жанып келе жатқан жолаушылар пойызы сөндірілді
ҚТЖ келбеті
18.07.2024
Велосаяхатшы сапарға шықты
Жүк тасымалы
18.07.2024
Қазақстанда теміржол көлігімен тасымалданатын шикізаттық емес экспорт көлемі артты