Қанат қанаттанып қайтты

Әлеумет
27.09.2016, 17:49
Оқуға 2 мин
«Еңбек күні» мерекесіне орай  Мұнайлы ауданындағы №5 орта мектепте «Жастар.Еңбек.Инновация» тақырыбында еңбекші жастар форумы ұйымдастырылып, «Қазақстан темір жолы» АҚ филиалы «Ірілендірілген Маңғыстау жол дистанциясының» жол жөндеушісі Қанат Мұңатов аудан басшысы Нұрлан Тәжібаевтың Алғыс хатымен марапатталды.   Форум – еңбек ардагерлеріне құрмет көрсету, жастардың инновациялық жұмыстарымен танысу, әр саланың қарапайым еңбекші жастарын марапаттау  кезеңдерінен тұрды. Әншейінде еленбей қалатын шопан, диқан, өрт сөндіруші, шаштаразшы, аспазшы, жол жөндеуші, слесарь-жөндеуші, тоқ жөндеуші, дизайнер сынды жас мамандардың жұмыстағы еңбегі осы форумда айқын бағаланды.  Сондай-ақ, бетке ұстар белсенділермен қатар ауданның 10 еңбек ардагеріне сый-құрмет көрсетілді. Олар аудандағы өндіріс орындарында, мемлекеттік, әлеуметтік, білім, денсаулық салаларында 30 жылдан жоғары еңбек етіп, зейнетке шыққан, жастарға үлгі тұтарлық өз ісінің шеберлері болатын. Осындай аға буынның ізін басқан жас теміржолшы Қанат олардан үйренері көп екендігін айтты.    ─ Жолшылар мекемесінде үш жылдан бері бітірген мамандығыма сай қызмет етіп келемін. 18 жасымда еңбекке араласқалы аға толқынға шәкірт болып,  жол қауіпсіздігін сақтауға күш салудамын. Темір жолдың ақауын қарап, рельстің беріктігін тексеру, барлық күтімін жасау біздің негізгі міндетіміз. Жастар арасында жұмысшы кәсібін насихаттау және жұмысшы әулетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту – аталмыш форумның басты мақсаты, – дейді Қанат Мұңатов. Айтуынша, өзі көп балалы теміржолшылар әулетінің кенжесі болғандықтан бақилық боп кеткен әке орнын жоқтатпай, анасына ауырлық салмас үшін жан аямай еңбектеніп келеді. Әкесі Нұрлыбай да кезінде қарапайым жолшы болған екен. Анасы Бәтима болса, Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінде әлі күнге шаруашылық жағында жұмысын жалғастырып келе жатыр. Ол ұлының марапатталу сәтіне куә болып, оның келешекте бұдан да жарқын белестерді бағындыратынына, ел сенімін ақтауға ұмтылатынына   қуанып қайтты. 

Әсел ТАҢАТАРОВА, Маңғыстау

Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде