Ойнаймын деп, от басты...

Әлеумет
05.10.2016, 18:15
Оқуға 2 мин
 Маңғышлақ вокзалында күзет күшейтілген. Жүктерді қараусыз қалдырмау, иесіз заттарды ішкі істер органы өкілдеріне хабарлау  туралы ҚР ІІМ-нің арнайы аудиожазбасы жолаушылар назарына жиі ұсынылуда. Оған себеп, биылғы жаз маусымында Ақтөбе, Алматы қалаларында болған терактпен жарыса, Маңғыстауда «Маңғышлақ вокзалында жарылғыш зат бар» деген белгісіз біреудің қоңырау шалуы еді. Жалған ақпаратшы табылып, жазасын өтейтін болды. Бұл туралы желілік ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары Жеңіс Әбілов Мұнайлы ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысында экстремистік ағымдардың жолын кесу, терроризмнің алдын алу бағытында жыл басынан бері атқарылған жұмыстары туралы баяндамасында мәлімдеді. –Аталған ақпаратқа қатысты жедел әрекет еткен топтың және вокзал аумағына қойылған бейнекамералардың арқасында хабардың жалған екендігі анықталды. Оны таратқан 1991 жылы туған азамат  ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Сот шешімімен  негізсіз дерекпен елді дүрліктірген тұлға 3 жыл бас бостандығынан айырылды. Үкім 7 қазаннан бастап өз күшіне енеді,  – деді ол. Тәртіп сақшысының сөзіне қарағанда, бүгінде вокзал аумағында 20 бейнекамера жұмыс жасайды. Соның нәтижесінде тәртіп түзеліп, заң бұзушылықтар ізі суымай ашылуда. Жыл басынан бері 3 қылмыс дерегі осы бейнекамераға түскен көрініс негізінде әшкереленіпті. Соның бірі, ағымдағы жылдың шілде айының 9-ы күні жалған ақпаратпен жұртты әуреге түсірген телефон қоңырауы болатын. Жалған ақпар таратушы бұл әрекетін полицияның қимыл-қозғалысын байқамақ болғандығымен түсіндіріп отыр. Осы жағдайдан кейін ҰКҚ әскерилендірілген темір жол күзетінің ширақтығын шыңдау үшін темір жол вокзалында, Маңғыстау локомотив депосында, жолсеріктер үчаскесінде, жанармай беруші мекемеде арнайы оқу-жаттығуларын өткізген. Маңғыстау облыстық көліктегі ішкі істер департаментінің жедел өкілдері темір жол вокзалы мен Маңғыстау жол бөлімшесіндегі қызметкерлеріне семинар ұйымдастырған.

Шахида ЖҰМАН, Маңғыстау

Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді