ИT-жобалар тиімді жұмыс тетігі

Цифровизация
12.06.2018, 11:47
Қазіргі заманда цифрлы технологиялар ел экономикасының дамуында мейлінше маңызды рөлге ие. Бүгінде екінің бірінде мобильді телефон бар,  интернетке қолы жетімді. Цифрлы технологиялар халық пен бизнестің мемлекеттік қызметтерге қолжетімді болуына бірқатар жеңілдік-артықшылықтар беріп, ақпараттардың алмасуын шапшаңдатуда, бизнесті жүргізуге жаңа мүмкіндіктердің тууына, жаңа сандық өнімдердің қалыптасуына, тағысын тағы жаңашылдықтардың енуіне ықпал етуде. Біздің елімізде қабылданған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының да басты мақсаты, тұрақты экономикалық өсімге қолжеткізу үшін сандық экожүйелерді қарқынды дамыту, ел экономикасы мен ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Осы ретте, Қазақстанның ірі ұлттық компаниялар санатынан табылатын «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы да «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында айқындалған даму векторына үн қосып, өз әлеуетін ИT-жобаларды жүзеге асыруға бағыттап отыр. ИT-жобалар өз кезегінде темір жол саласында инновациялық технологияларды енгізу үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге, көліктік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды шапшаңдатуға, өндірістік емес шығындарды қысқартуға, сондай-ақ, тасымал процесінің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру үшін заманауи және аса қажетті жобалар болып табылып отыр.   Бүгінде Қазақстан темір жолдарына енгізіліп жатқан «Мультимодальды тасымалдардың жүйесін құру» және АСУ «Магистраль» жобалары – тиімділігі жалпы ішкі өнім деңгейін арттыратын жобалар қатарына кіреді. Сонымен қатар темір жолды цифрландыру шеңберінде басымдыққа ие бірқатар жобалар да бар. Олар неліктен басымдыққа ие және артықшылықтары қандай деген сұрақтарға жауап беріп көрелік. Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясының маманы Дмитрий Букиннің айтуынша, Жүктерді мультимодальды тасымалдаудың басқару жүйесі бірінші кезекте, мультимодальды тасымалды басқару үдерісін кешенді автоматтандыруды қарастырады, сонымен қатар, көлік құралдары мен қызметтердің есеп айырылысуын, тасымалдың толық циклын қамтамасыз етіп, соңғы тұтынушыға дейін сервис деңгейінің қосымша бағасының түзілу процестерін жалпы оңтайландыру мақсатында бірнеше компаниялармен логистикалық бизнес-үдерістерді байланыстыруды және оңтайландыруды көздейді. Бұл жерде тасымал теміржол, әуе, автомобиль және теңіз көліктерімен жүзеге асырылып, тасымал үдерісіне қатысушылардың барлығының өзара әрекеттесуі автоматтандырылған. Магистральдық желі дирекциясы бойынша енгізіліп жатқан АСУ «Магистраль» жүйесіне келсек, бұл жол шаруашылығын жөндеу және үздіксіз техникалық қызмет көрсетілімін қамтамасыз етудегі бірыңғай технологиялық тізбек.  Яғни, жолды жөндеу және күту жұмыстары барысында адам факторы мен техникалық қызмет көрсету және жөндеу шығындарын қысқартуға, сондай-ақ, жолдарды диагностикалауға IoT (сенсорлы-идентификаторлар)  технологиялары қолданылады. Цифрландыру бағдарламасы шеңберіндегі басымдық беріп отырған жобаның бірі – пойыздар қозғалысын басқару орталығы. Бұл жобаның мақсаты, белгі беру, орталықтандыру және блоктау шаруашылықтарын басқару жүйесін  автоматтандыра отырып, пойыздар қозғалысын басқарудың бірыңғай орталығын құру екен. Бұл жоба, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге  мүдделілік танытып отырғанын бірден байқайсың. Ұлттық компания үшін келесі бір маңызды жоба, пойыздар қозғалысының болжамды кестесін жасауға арналған автоматтандырылған жүйе. Аталған жоба өндіріске енгізілген жағдайда, пойыз ағынының берілген параметрлері мен барлық өткізу жағдайы есепке алынып, пойыздар қозғалысының ахуалдық кестесі мен энергиялық ұтымды болжамды (варианттық) түзілімі автоматтандырылмақ, сөйтіп, кесте түзетін инженерлер жұмысы жеңілдері анық.   Ал цифрлы вокзал жобасы, жолаушыларға қызмет көрсету, қауіпсіздік деңгейлерін арттырып, техникалық жабдықтар мен өмірмен қамтамасыз ету жүйелерінің үздіксіз қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Астанада бой көтеріп, іске қосылғанына тура бір жыл толған заманауи «Нұрлы жол» темір жол вокзалы кешені бүгінде осы жобамен жұмыс істеп жатқан нысандар көшін бастайтынын атар едік. Тасымал шаруашылығындағы тағы бір тиімді жоба ретінде, Станциялардың автоматтандырылған басқару жүйесінің жаңғыртылып, енгізілуін атар едік. Бұл жобаның тиімділігі неде дейтін болсақ, тасымал қызметін басқару үдерістерін ақпараттық қолдау және желілік деңгейдегі өндірістік процестерді автоматтандыру екен. «Вагон шаруашылығы да цифрландыру шарасынан тыс қалмай, мұнда  пойыздың жүріп келе жатқанда, жұп дөңгелектерінің геометриялық параметрлерін өлшеуге арналған автоматтандырылған диагностикалық «Кешен» жобасы қолға алынып отыр. Бұл кешеннің артықшылығы, ол тексеруге берілген аз уақыт ішінде Техникалық қызмет көрсету пунктінде вагондарға қызмет көрсету сапасын арттырып, параметрлердің өзгеру динамикасына талдау жасау арқылы ақаулықтарды ертерек анықтайды, және де жобалауды жасақтауға, жоспарлы жөндеуді ұйымдастыруға сеп болмақ. Осы жабдық арқылы пойыздар кідірісінің саны қысқарып, жұп дөңгелектердің ақаулары бойынша да кідірістерді азая түспек. Әсіресе, бұл жобаның жемісті нәтижесі ретінде, халықаралық түйіспе пункттерде вагондардың ағытылу оқиғасының кеми түсетінін атап өткен жөн» дейді Дмитрий Букин. Ал пойыздар қозғалысы барысында вагондар мен жүктердің жағдайын  тіркеуге алып, оларға визуальды бақылау жасайтын автоматтандырылған жүйе, пойыздар мен вагондарды коммерциялық тексеру жүйесі деп аталса, бағалы жүк тиелген күзетілетін вагондардың коммерциялық тексерілімін бақылауға және есепке алу процестерін автоматтандырған келесі бір жүйе күзетілетін вагондарды есепке алудың автоматтандырылған жүйесі деп аталады екен. Уақыт талабына сай сандық жүйе жолаушылар тасымалы шаруашылығына да дендеп енуде. Соның бірі, темір жолдарда жолаушылар тасымалы үдерісін  өзгертуге лезде әрекет етіп, шұғыл басшылық ету, бақылау, ұйымдастыру, онлайн режимінде электрпойыздарындағы ағымдық ахуал жағдайына  мониторинг жүргізу сияқты шаралар Қала маңы жолаушылар тасымалын басқару және бақылау жүйесі (СКУПП) арқылы жүзеге асырылатын болады.   Әскерилендірілген темір жол күзетінің күзет қызметі саласындағы беделін жоғарылатып, күзет қызметкерлерінің жұмысын сәл де болса жеңілдетуге  сеп болып отырған жобалар да бар.  Мәселен, күзетшілердің  жүкке заңсыз қол сұғу фактілеріне шұғыл әрекет ету мақсатында GPS жайғастыру спутниктік жүйелерін пайдалану арқылы объектілерді мониторингілеу  ұйымдастырылуда. Бұл жоба жүріп бара жатқан бағдары бойынша жүк тиелген вагондар немесе контейнерлердің жүріп тұруына бақылауды күшейтіп, сондай-ақ, электронды GPS-құрылғылары орнатылған нысандардың қорғалу жағдайына мониторинг жүргізеді. Цифрландыру шеңберінде басымдыққа ие жобалардың бірі аймақтық қосалқы станцияларда электр энергиясы шығынын бақылайтын жүйелерді жаңғырту болып отыр. Бұл жүйе электр энергиясын нақ және шұғыл есепке алып, электр энергиясының жоғалуын төмендету бойынша тиімді шараларды қабылдауға және анықтауға мүмкіндік бермек. Ресурс жинақтауға бағытталған тағы бір жоба, Trip Optimizer, яғни Рейсті оңтайлағыш жүйесі. Бұл құрал, динамикалық тежегіш пен контроллерді автоматты түрде реттеу есебінен локомотивті басқару барысында машинистке  қолғабыс болып, локомотив отынын үнемдеуге арналып отыр.  Міне, осы сияқты қаржылай және өндірістік тиімділік әкелетін жобалар Ұлттық компанияға көптеп енгізілгенде, адам факторының қатысуымен болатын келеңсіздіктер кеміп, еңбек өнімділігі арта түсетінін айтады сараптаушы мамандар.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Инфраструктура
22.09.2026
ҚТЖ продолжает модернизацию систем автоматики на станции Бейнеу и участках Шалкар – Бейнеу и Кандыагаш – Тобол
Новости
22.09.2026
Кедентранссервис организовало мультимодальную перевозку более 150 тысяч тонн стальных труб из Китая
Регионы
22.09.2026
Технические занятия для машинистов и их помощников прошли в локомотивных депо Караганды и Акадыря
Новости
22.09.2026
В Акмолинской области продолжается уборочная кампания
Новости
22.09.2026
Кедентранссервис представил современный подход к холодовой логистике Казахстана
Новости
22.09.2026
Столичным школьникам напомнили правила безопасности на железной дороге
Новости / Архив
22.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №75 от 22 сентября 2026 года
Грузовые перевозки
21.09.2026
Зерновой штаб КТЖ обсудил вывоз нового урожая в Костанае и Кокшетау
Регионы
21.09.2026
Профком Карагандинского эксплуатационного локомотивного депо провел встречу со студентами
Новости
21.09.2026
Казахстанские железнодорожники приняли участие в Международном фестивале молодежи-2026 в Екатеринбурге
Новости
21.09.2026
Машинист заметил четырехлетнего ребенка одного в степи
Регионы
21.09.2026
Пожарный поезд КТЖ задействовали при тушении крупного пожара в Костанае
Спорт
19.09.2026
Около 700 человек приняли участие в VI марафоне «КТЖ Марафон – участвуй и Ты»
Новости
19.09.2026
Более 320 столичных железнодорожников приняли участие в субботнике
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Международный туристический поезд прибыл из Сианя в Алматы
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Нацперевозчик объявил об осенних скидках до 30% на ж/д билеты
Регионы
18.09.2026
Реконструкция трех железнодорожных вокзалов завершена в Кызылординской области
Грузовые перевозки
18.09.2026
Акмолинский филиал АО «Қазтеміртранс» готов к перевозке зерна в период уборочной кампании
Новости
18.09.2026
Горочную централизацию модернизируют на станции Караганда-Сортировочная
Новости
18.09.2026
КТЖ продолжает реализацию масштабной программы по обновлению вокзалов