Қазақ-қырғыз жүк айналымында кідіріс жиілеп барады

Жүк тасымалы
18.02.2022, 11:26
Оқуға 2 мин
Асхат Райқұл

Қазақстан мен Қызғызстан шекарасындағы кедендік бақылауда атап айтарлықтай кедергілер жоқ. Дегенмен, темір жол арқылы өтетін жүк пойыздарының кідіруі жиілеп кеткен.

Кеше Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесіне «Қырғызстан темір жолы» компаниясының делегациясы келіп, қос тарап шекарадағы кейбір өзекті мәселелерді талқылап, өзара келіссөз жүргізді. Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің басшысы Дүйсенбек Сыдықов қырғыз ағайынмен ара- дағы экономикалық, әлеуметтік және өзге де байланыстардың берік екенін атап өтіп, бір-екі мәселені екіжақты келісіп шешуге шақырды.

«Былтыр екі ел арасында жүк пойыздары тұрақты қатынады. Бүгін жүк тасымалы бойынша туындап отырған бірлі-жарым мәселені шешу тетіктерін қарай- мыз. Кейін, ұсынысты хаттама жүзінде бекітіп, сіздерге жолдаймыз. Алып-қосарларыңыз болса, өзгерістер енгіземіз», – деді Дүйсенбек Сыдықов.

Бұдан соң сөз алған «Қырғызстан темір жолы» мекемесі бас директорының орынбасары Д.Усубакунов теміржолға қатысты туындаған проблемаларды ашып айтты.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен, соның ішінде Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесімен үнемі әріптестік байланыстамыз. Арада туа қалған келеңсіздіктерді бұған дейін де келісіп реттедік. Бүгінгі кездесу де нәтижелі боларына сенімдімін. Бүгінде жүк пойыздары үздіксіз қатынағанымен, шекаралық бақылау бекеттерінде ұзақ кідіретін болды. Қаңтар айында Қазақстандағы жағдайға байласты жүк пойыздары уақытша тоқтаған еді. Сол секілді, Түрксіб станциясының маңында тоналған қырғыз жүк пойызына қатысты қазақстандық мамандардың сараптамасын әлі алған жоқпыз», – деді Д.Усубакунов.

Белгілісі, тоналған пойыз жайында «Қырғызстан темір жолы» тарапы ресми түрде сұрау салмаған екен. Енді анықталған деректің сараптамасы көрші елге көп ұзамай жолданатын болады.

Кездесуде Андас батыр кедендік бақылау бекетінің басшысы Арман Несіпбеков кідіріске қатысты «Жүк пойыздары заңнамада көрсетілген талаптар бойынша тексеріледі. Біз бұл талаптан аттап өте алмаймыз», – деп түсіндірді. Айтуынша, күдік тудыратын вогондарды қарап, вогондардың пломбаларын анықтау да біраз уақыт алады екен. Енді жүк пойызы тоқтайтын аумаққа жарық шамдар қойылып, пломбаларды анықтау үшін бейнебақылау камерасы орнатылса, жұмыс біршама жеделдетілетінін айтты.

Басқосу барысында қос тарап бұдан бөлек те бірталай мәселенің шешімдерін қарастырды. Осы аптада Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі хаттама әзірлеп, Қырғызстан темір жолына ұсынады.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды