60 мың вагон қолданыста

Жүк тасымалы
29.07.2022, 10:16
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржолдағы көмір тасымалы – әсіресе күз мезгілінде күрделене түсетін тақырып. Жыл сайын «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк жөнелтушілерді күзде емес, жазғы уақытта көмір тасымалы көлемін арттырып, жылыту маусымында басталатын қарбаластың алдын алуға шақырса да, іс жүзінде бұған қол жеткізу оңай болмай келеді.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС атқарушы директоры Нұржан Келбұғановтың айтуынша, өткен жылдың қорытындысында Қазақстанда 106,2 млн тонна көмір тасымалданған, бұл 2020 жылғы көрсеткішке қарағанда 3 млн тоннаға көп. Ал биыл алғашқы жартыжылдықта теміржол арқылы 36,8 млн тонна тасымалданыпты. Осы бағытта биыл жедел штаб құрылып, күн сайын тиісті құрылымдардың қатысуымен отырыстар өткізілуде. Сол отырыстарда көмір тасымалындағы дүрбелең – тасымал процесі кезінде емес, көмірді теңдей тиеу және түсіру процесінің болмауынан туындайтыны айтылады, алайда бұған «ҚТЖ» толықтай ықпал ете алмайды. Теміржолшылар кірме жолдардың иелеріне инфрақұрылымды көмір тасымалына уақытылы дайындауды сұрайды. Сонымен қатар ірі көмір кен орындарымен бірге жүк ағынын бағдарлау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жерде, яғни қоймаларда көмір жетіспеушілігін тудырмас үшін көмірді алдын ала сатып алу және сақтау мәселесі бойынша әкімдіктер тарапынан қолдау керек.

«Қазтеміртранс» АҚ бас директорының орынбасары Александр Ширяевтің айтуынша, компания паркінде қазіргі таңда 22 мың ашық вагон бар, ал жеке операторлардың жылжымалы құрамын қосқанда желіде 60 мың вагон қолданыста. Бұл көмір тасымалы бойынша жылжымалы құрамды теңдей пайдаланған жағдайда жеткілікті. Бұған қоса «ҚТЖ» тарифтері 1 тамыздан бастап арттырылғанның өзінде нарықтағы бағадан төмен күйінде қалып отыр. Сондықтан «Қазтеміртранс» АҚ паркіне сұраныс жоғары болып тұр.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?