Теңіз порттары мен ТХКБ арқылы жүк тасымалдау екі жарым есе артты

Жүк тасымалы
08.09.2022, 10:35
Оқуға 2 мин
©Rail-news.kz

Биылғы 8 айда еліміздің теңіз порттары арқылы Әзербайжанға 1,9 млн тонна жүк тасымалданған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 есе көп. Бұл жайында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің теңіз порттары мен Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы жүк тасымалдауда туындап отырған мәселелерге арналған кезекті басқосуы «Ашық сағат алаңында» айтылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Аталған жиынға ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тлепов, ТХКБ халықаралық қауымдастығы мен отандық транспорттық-логистикалық компания өкілдері және Қазақстан темір жолы, Ақтау және Құрық теңіз порттары мен жүк тасымалдау саласындағы жауапты тұлғалар қатысты.

Мамандардың айтуынаша, транспорттық инфрақұрылым мен транзиттік жүк тасымалдау көлемінің артуы Транскаспий халықаралық көлік бағдарының бәсекелестік қабілетіне оң серпін беріп, Ақтау және Құрық сынды теңіз порттарының рөлін нығайтуда.  

Сонымен қатар жүк тасымалдау саласындағы оң өсім Транскаспий халықаралық көлік бағдарында да байқалуда. Атап айтқанда, аталған бағыт бойынша 2022 жылдың алғашқы 8 айында 1,3 млн тонна жүк тасымалданған. Бұл көрсеткіш 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе жоғары. Қазіргі күнде ТХКБ-ның транспорттық инфрақұрылымы 6 млн тоннаға жуық жүк тасымалдауға қауқарлы. Бұл – 80 мың футтық эквивалентке тең.

«Жүк тасымалдау көлемінің жылдам артуы мен транспорттық инфрақұрылым жүктемесінің көбеюі халықаралық көлік бағдарының қызмет көрсетуі барысында бірқатар тосқауылдардың пайда болуына әсер етті», – деді «KTZ Express» АҚ өкілі Айбек Қапар.

Басқосу барысында сала мамандары теңіз порттары, темір жол желілері мен тұйық бекеттердегі инфрақұрылымдық шектеулерге байланысты туындаған мәселелерді талқылап, тиімді шешімдерді ортаға салды. Сондай-ақ жылжымалы вагондардың жеткіліксіздігі мен Транскаспий халықаралық көлік бағдарындағы жүк контейнерлерінің аздығы да назарға алынды.

Өз кезегінде ТХКБ халықаралық қауымдастығының жетекшісі аталған бағдардың алдағы даму жоспары турасында айтып, жаңа фидерлік желінің ашылатындығын хабарлады.

 

Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты