Осы жылдың 2 қарашасында Ақмола облысы Чкалов станциясынан ҚХР-ға пилоттық режимде өсімдік майы бар контейнерлік пойыз арнайы ыдысқа құйылып флекси-танктерде жөнелтілді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Пойыз құрамында  жиырма футтық 90 контейнер бар. Ол еліміздің Достық шекара станциясы арқылы Қытайдың Сиань станциясына дейін барады.

Жөнелтілімді «KTZ Express» АҚ мен Tiehai Shunda International Freight Forwarding (Пекин) Co., Ltd. және «Халықаралық логистика (Crct) Қазақстан» ЖШС бірлесіп ұйымдастырды.