Биыл Ақтау және Құрық теңіз порты арқылы 1,5 млн тонна жүк тасымалданды

Жүк тасымалы
26.11.2022, 12:32
Оқуға 2 мин

Биыл 10 айда Ақтау және Құрық теңіз порты арқылы 1,5 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп. Ал контейнерлік тасымал көлемі 55%-ке артқан, деп хабарлайды Rail-news.kz Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Министр Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, Транскаспий халықаралық көлік бағытының инфрақұрылымы 6 млн тонна, соның ішінде 80 мың жиырма футтық эквивалент тасымалдауға мүмкіндік береді. Бұл бағдар бойынша кедергілерді шешетін әрі көлік дәлізін дамытуға бағытталған Жол картасы әзірленді.

«Әр мемлекет өз тарапынан өзіне уәде алып отыр, біз 2022-2027 жылға дейін осы инфрақұрылымды жасаймыз деп. Осы 3-4 айдың ішінде біздің әріптестеріміз, 4 елдегі мамандар тобы келісіп, Жол картасын құрып жасап бүгін бізге қол қоюға табыстады. Жаңа паромдар салуымыз керек. Басқа да кемелерді жасау үшін жаңа зауыт саламыз деп қарастырып жатырмыз инвесторлармен», - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.

Министрлер кездесуінде Қазақстан тарабы Транскаспий дәлізінде бірлескен кәсіпорын құру жұмыстарын жеделдетуді ұсынды. Ол ортақ оператор ретінде жүк жөнелтуші және алушылармен жұмыс жасайды. Бұл бағытта бірыңғай тариф пен қызметтерді ұсынатын болады. Жиында жаһандық көлік бағдарын жетілдіруге Еуропалық одақтың қаржылай қолдау білдіруге дайын екені айтылды.

«Геосаяси жағдайда осы мәселенің өзектілігі жоғарылап келеді. Аталған іс-шараларды жүзеге асыру Каспий, Қара теңіз өңіріндегі кооперацияны нығайтуға оң әсерін тигізеді. «Баку-Тбилиси-Джейхан» және «Баку-Супса» мұнай құбырлары, сондай-ақ «Баку- Тбилиси-Карс» теміржол арқылы қазақстандық көмір сутегілерін тасымалдау әріптестеріміз үшін ерекше қызығушылық тудырады», - деді ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.

Еліміздің су айлақтарында теңіз түбін тереңдету бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Контейнерлік парк және жеке паром флотын толықтыру, шекарадан өту рәсімдерін жеңілдету жолдары қарастырылуда. Жол картасында көрсетілген іс-шаралар жүзеге асқан жағдайда 2025 жылға қарай дәліз бойынша өткізу қабілетін жылына 10 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды