«KTZ Express» АҚ «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізі бойымен жартылай вагондарда көлемі 4500 тонна домна коксының тәжірибелік жөнелтілімін ұйымдастырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жалпы ұзындығы 5264 шақырымды құрайтын жүк пойызының бағыты Ресей, Қазақстан және Түрікменстан аумағы арқылы өтеді.

Предкомбинат станцияcынан (РФ) Түрікменстанның оңтүстігіне 100 бірлік жартылай вагондар Қазақстанның шекаралық Әлімбет және Болашақ станциялары арқылы транзитпен жолға шықты.