Қытайдың Үрімші қаласынан Түркияның Мерсин портына теміржол және теңіз көліктерін тарта отырып, рекордтық мерзімде Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша тоқыма машиналарының партиясы жеткізілді, деп хабарлайды Rail-news.kz.
44 қырықфуттық контейнерден тұратын құрам Қазақстан аумағындағы Алтынкөл шекаралық өткелі, одан әрі Ақтау мен Алят теңіз порттары арқылы Түркияның оңтүстігіне жол тартты.
Кавказ елдері арқылы тасымалды ұйымдастыру кезіндегі «KTZ Express» АҚ мультимодальды көлік сервисінің артықшылықтары:
– бәсекеге қабілетті тарифтік мөлшерлемелер;
– жеткізу мерзімінің айтарлықтай қысқаруы;
– контейнерлік пойыздар мен жеке контейнерлерді тасымалдау мүмкіндігі;
– транзиттік кедендік рәсімдерді жеделдету.