Еліміздің Жаңатас және Өскемен станцияларында табиғи уран тиелген контейнерлер жиынақталуда, олар Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) арқылы Еуропа және Америка порттарына жөнелтіледі, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Контейнерлер Ақтау, Баку және Поти теңіз порттары арқылы өтеді.
"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК табиғи уранды ТХКБ арқылы жеткізу бойынша сервисті KTZ Express көрсетеді.
Қазатомөнеркәсіп өз өнімдерін батыстық нарықтарға үздіксіз жеткізуді жүзеге асыру үшін ТБ-ны балама маршрут ретінде пайдаланады.