Қазақстан мен Әзербайжан жүк ағынын арттыруға бірлесіп күш салуда

Жүк тасымалы
10.04.2023, 16:02
Қазақстан теміржолшысы

Әзербайжанға экспортты ұлғайту, оның ішінде жүк және жүк-жолаушылар кемелері мен паромдарды, рельстерді және басқа да дайын өнімдерді жеткізу есебінен қамтамасыз етілді. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Баку қаласында Қазақстан-Әзербайжан үкіметаралық комиссиясының 19-шы отырысында айтты.

Жиын барысында министр Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізімен шектесетінін және жүк ағындарының транзиттік байланысын қамтамасыз ету үшін ұдайы күш салып келе жатқанын жеткізді. Бүгінгі таңда Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) Азияның Еуропамен маңызды байланысы болып отыр.

«Қазақстан 2022-2027 жылдарға арналған «Тар жерлерді» синхронды жою және орта дәлізді дамыту бойынша жол картасы аясында белсенді жұмыс жүргізуде, Ақтау порты базасында «контейнерлік хаб» құрылысы, «Достық – Мойынты» учаскесінде екінші теміржол жолдарының және «Алматы» станциясында айналма теміржол желісінің құрылысы басталды, бұл «Алматы» станциясы Қазақстан-Қытай көлік дәлізінің өткізу қабілеті аптасына 24-тен 120 пойызға, яғни 5 есеге дейін және контейнерлік пойыздардың жылдамдығын тәулігіне 1500 км-ге дейін арттыру. Бірлескен құжатта Ақтау және Құрық порттарында түбін тереңдету жұмыстары жоспарланған, паром флотын дамыту бойынша шаралар қабылдануда», – деді С. Жұманғарин.

Келіссөздер барысында өзара ынтымақтастық бойынша көлік және транзит, логистика, энергетика, байланыс, ауыл шаруашылығы, бірлескен өндірістерді дамыту, мәдени байланыстарды жандандыру, туризм және басқа да бағыттарды дамыту мәселелері талқыланды.

Әзербайжан – Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы негізгі сауда-экономикалық серіктесі. 2022 жылы екі мемлекет сауда-экономикалық саладағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін сақтады, осы кезеңде тауар айналымы $461 млн-нан асты. Бұл ретте тауар айналымының өсуі 2021 жылға қарай 39%-ды құрады, оның ішінде экспорт 30,4%-ға ($287,9-дан $375,3 млн-ға дейін), импорт екі есеге жуық ($44,4-тен $86,6 млн дейін) өсті.

Сондай-ақ министр Қазақстанда Әзербайжан капиталының қатысуымен 1195-тен астам кәсіпорын және 210 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейтінін айтты. Қазақстан экономикасына салынған Әзербайжан инвестицияларының көлемі $365 млн-нан асады екен.

Серік Жұманғарин тауар айналымының оң динамикасына тоқтала отырып, Әзербайжанмен дәстүрлі экспорт-импорт баптарынан басқа, қазір тауар айналымы құрылымындағы қазақстандық өңделген өнім үлесінің кезең-кезеңмен ұлғайғаны байқалып отырғанын ерекше атап өтті.  

Өз кезегінде Әзербайжан Республикасының энергетика министрі Парвиз Шахбазов қазір екі ел көптеген өңірлік, сондай-ақ ірі трансұлттық жобалардың бастамашылары және белсенді қатысушылары екенін жеткізді.  

Үкіметаралық комиссияның қорытындысы бойынша тараптар бірлескен хаттамаға қол қойып, сауда-экономикалық салада екіжақты тиімді жобаларды ілгерілету бойынша нақты уағдаластықтарға қол жеткізді. Қазақстандық тарап «KazakhExport» ЭСК» АҚ сақтандыру өтемімен стратегиялық жобаларды бірлесіп іске асыру саласындағы кооперацияны кеңейтуге дайын екендігін білдірді. Әзербайжан-Қазақстан-Әзербайжан және Қазақстан-Түркия/Еуропа-Қазақстан бағытында Әзербайжан арқылы транзитпен интермодальды теміржол жүк тасымалы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. «Цифрлық Жібек Жолы» жобасы аясында Қазақстан мен Әзербайжанды байланыстыратын Каспий теңізінің түбі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желілерін бірлесіп салу жобасын іске асыруды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

 

Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі