ҚТЖ көмір тасымалдауға басымдық береді

2023-2024 жж. жылыту маусымына дайындық кезеңінде мамыр айынан бастап Қазақстан бойынша темір жол көлігімен 21 млн тонна тас көмір тасымалданды, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Оның 18,7 млн тоннасы еліміздің жылу электр орталықтарына жеткізілсе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 300 мың тоннаға артық. Тұрғындар үшін 2,3 млн тонна қатты отын жеткізілді, бұл жылыту маусымының басында қалыптасқан өңірлердің қажеттілік жоспарына сәйкес келеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында жылыту маусымына дайындық және коммуналдық-тұрмыстық сектор мен тұрғындарды көмірмен қамтамасыз етуге арналған брифинг барысында «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының орынбасары Нұржан Келбұғанов айтып берді.

«ҚТЖ-да көмірді үздіксіз және біркелкі тасымалдауды қамтамасыз етудің Жол картасы іске асырылуда. Қатты отынды тасымалдауды үйлестіру жөніндегі жедел штаб белсенді жұмыс істейді, ол жүк жөнелтушілердің өтінімдерін қамтамасыз етуді, вагондар айналымының орындалуын бақылайды, ЖЭО қоймаларындағы қатты отын қорының қалдықтарына мониторинг жүргізеді», - деп атап өтті Н. Келбуғанов.

ЖЭО-дағы көмірдің жиынтық қоры 4,3 млн тоннадан астамды құрайды. Барлық дерлік энергия көздерінде отын қоры бекітілген нормадан жоғары, кейбіреулерінде 1,5-2 есе жоғары. Алайда қоймаларда көмір қоры нормативтік деңгейден төмен бірнеше ЖЭО бар. Бұл Көкшетау Жылу, Петропавл ЖЭО, Риддер ЖЭО, Кентау Энерго. Жағдай кәсіпорындардың көмір разрездері алдындағы қарызынан туындады. Көмірдің біркелкі жиналмауы жылыту маусымының ең жоғары кезеңдерінде тасымалдардың қоюлануына және қауіпті жағдайлардың туындауына әкелуі мүмкін.

Күзгі-қысқы кезеңде көмір тасымалдауға «Қазтеміртранс» АҚ-ның 22 мыңға жуық жартылай вагондарын тарту жоспарлануда, бұл өткен жылыту маусымына қарағанда 2 мың вагонға артық. Биыл 47 заманауи жүк локомотиві сатып алынды, жыл соңына дейін 97 локомотив жеткізіледі деп күтілуде, бұл соңғы жылдары ҚТЖ үшін тартқыш жылжымалы құрамды ауқымды сатып алу болып табылады және теміржол көлігінің тұрақты жұмыс істеуіне елеулі үлес қосады. Тәулік сайын 700-ге жуық жүк локомотиві пайдалануда, бұл нормативтік қажеттілікке сәйкес келеді.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады