Семейде контейнерлік тасымал әлеуеті артып келеді

Жүк тасымалы
21.09.2023, 12:30
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысындағы жүк айналымы бойынша контейнерлік пойыздардың үлес салмағы жылдан жылға артып келеді. Жергілікті теміржолшылар қауымы  тасымалдың осы түріне ерекше мән беретіндіктен жүк операцияларының ішінде жекелей тәртіппен қарастырылады.  

Ағымдағы жылы Семей ЖТ бөлімшесі бойынша контейнерлік тасымал қарқынының күрт артуы байқалады. Мәселен, өткен бір аптаның ішінде жалпы көлемі 1487 тоннаның жүгі аталмыш тәртіппен тасымалданыпты.

Жалпы, контейнерлік пойыздар транзиті – бюджетті еселейтін, бірегей кіріс көзі саналатын маңызды шаралардың бірі. Ал трансшекаралық аймақта орын тепкендіктен семейлік теміржолшылар бұл мәселені баса ескереді. Сондықтан да жыл басында құрылатын жоспарлы шаралар ішінде контейнерлік тасымалға баса орын беріледі. Соның себебінен болар, қазіргі таңда жергілікті сала қызметкерлері бір жыл ішінде әр контейнері 40 тоннаны құрайтын 500-ден аса транзитті пойыздарды еш іркіліссіз өткізуге қол жеткізді.  

Ал ағымдағы жылдың сегіз айындағы көрсеткіштің еселеп өсуіне Ресейдің Сібір бөлігінен Орталық Азияға және Қытай еліне контейнер түріндегі жүк тасымалының күрт артуы мүмкіндік беріпті. Бұл орайда контейнерлік жүктер көлемі бойынша көмір және цементтен кейін үшінші орынға көтеріліп отыр.

Қазіргі таңдағы басты мақсат аталмыш жылжымалы құрамдарды іркіліссіз өткізу болып отыр. Осы ретте контейнерлік пойыздардың орташа жылдамдығы 330,3 шақырым/сағатты құрап отыр. Тоқтала кетерлігі, контейнерлік пойыздардың тәуліктік жүру жылдамдығы жоғарылатылған. Әйтсе де, астық тасымалы мен көмір жөнелту қарқын алғандықтан бұл мәселені алдағы уақытта қарастыру қажет етіледі екен. Ал транзит ағыны негізінен Ресейдің Батыс-Сібір бөлімшесі аумағында орын тепкен Семей ЖТ бөлімшесінің Локоть станциясымен және ҚХР-мен шектесетін Достық станциясы аралығында, қос бағытта орын алуда.

Қазіргі таңдағы сараптама бойынша Семей ЖТ бөлімшесінде алдағы уақыттарда транзиттік контейнерлік пойыздар саны көбейе түсетін болады. Оған жаңадан салынатын Аягөз – Бақты теміржолының құрылысымен бірге оның бойынан ашылатын контейнерлік терминалдар мен құрғақ порт себеп болмақ. Яғни Семей ЖТ бөлімшесінің транзиттік-көліктік әлеуеті дәл осы тасымал түрінің есебінен арта түседі деп күтілуде. Бұл шаралар өз кезегінде контейнерлік пойыздардың қозғалыс тәртібі сынды жауапты жұмыстарды қазірден бастап ширата түсуді міндеттейді. Сондықтан да бөлімшенің логистика және жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімінің мамандары транзиттік тасымал және контейнерлік пойыздар қозғалысын реттеу бойынша тың әдістемелік негіздерді қарастыруда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылғы 1 қыркүйек күнгі жаңа Жолдауында аймақтардағы логистика мен транзиттік потенциалды ұлғайту, сонымен бірге туристік салаға көңіл бөлу керектігін айтқан еді. Ал Семей теміржолындағы соңғы көрсеткіштерге сүйенсек, таяу болашақта осынау салада соны жетістіктер күтіп тұр деуге әбден болады.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды