Маңғыстаулық теміржолшылар жүк айналымы жоспарын асыра орындады

Жүк тасымалы
29.09.2023, 09:47
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстаулық теміржолшылар өткен сегіз айда жүк айналымы жоспарын асыра орындап, тасымал үдерісінің жақсаруына үлес қосқан.

Мәселен, өткен сегіз айда жүк айналымы жоспары бастапқыда 4 486 000 тоннаға жоспарланса, алайда оның орындалуы 5 150 000 тоннаны құраған. Жүк тиеу көрсеткіші де көтеріңкі, яғни меже 111,8 пайызға орындалып, 2 116 000 тонна жүк тиелген. ТХКБ бағытында да едәуір ілгерілеушілік бар. Жыл басынан қыркүйекке дейін 11 599 контейнер ауыстырылып тиелген. Оның 8 309 контейнері Ақтау портында жүзеге асқан. Құрық портынан жіберілген кемелер саны өткен жылдағы салыстырмалы мерзімдегіден алпыс кемеге көбейген. Яғни 480 паром жөнелтілген. Мұндағы ауыстырып тиеудің көрсеткіші 1 миллион тоннадан асқан.  

– Биыл көктемнің басында Маңғыстау қосалқы бөліміне диспетчерлер беріліп, жұмыс жандана түсті. Олар ауысыммен күні-түні еңбек ететіндіктен келіп жатқан жүктер, пойыздар толық бақылауда. Бұл жұмыстарды Ақтөбенің диспетчерлік орталығымен бірлесе атқарудамыз. Алдымен шұғыл өтуі керек жүк вагондарын жөнелтеміз. Жұмыстар жалпы оң нәтиже беруде. Диспетчерлер Болашақ арқылы Түркіменстанмен пойыз алмасуды да бақылауға алған. Бұл бағытта былтыр күз айына дейін Түркіменстан теміржолына 421 пойыз тапсырған едік. Биыл 500 пойызға жеткіздік. Сол сияқты қабылданған пойыздар саны да өткен жылдағыдан 34-ке артты немесе 202 633 тоннаны құрады, – дейді Маңғыстау қосалқы бөлімінде логистика бөлім басшысы Айбек Өтеков.  

Маңғыстаудағы порттарға қатысты жаңа жобалардың жүзеге асырылуы алдағы жылдары тасымал көлемін одан әрі арттыра түсетіні анық. Құрық портындағы жұмыс қазірден қыза түскен. Портқа 1 миллион тонна ауыстырып тиеу мүмкіндігі бар астық терминалы салынайын деп жатыр. Оған қоса порттың жанынан сұрыптау станциясы ашылады. Қазір сол жұмыстар жүргізілуде. Сұрыптау станциясы жұмысын бастаса, Маңғыстау станциясындағы жұмыстар біраз жеңілдейді. Өйткені Құрық портына сұрыптау жұмыстарын қазір осы станция атқаруда.  

 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады