Транскаспий дәлізі бойындағы инфрақұрылымды дамыту қарқынды жүріп жатыр

Жүк тасымалы
09.10.2023, 14:06
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген Александр Жабчук
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Еліміз Қытай мен Еуропаны жалғайтын Орталық дәлізді дамытуға үлкен көңіл бөліп отыр. Бұл бағыттағы жүк тасымалы қазір қарқын ала бастаған. Мәселен,  2021 жылы миллионыншы контейнер осы маршрут арқылы Еуропаға жеткізілген болатын. Ол қытайдың Сиянь қаласынан Түркияның Берсиніне жеткізілді.

Өткен аптада Астанада VI  халықаралық  New Silk  Way көлік-логистикалық бизнес форумында Транскаспий дәлізіне қатысушы елдер бұл бағытты дамыту, одан әрі оңтайландыра түсу жағын талқылады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Қойшыбаевтың айтуынша, қазір бұл дәлізге қатысатын тараптармен жұмыс барысы келісіліп, дұрыс жолға қойылған. Пандемия кезінде де, қазіргі геосаяси жағдайда да Транскаспий бағытындағы жүк тасымалы оң көрсеткіштерге ие.  

«Соңғы жылдары Орталық дәліз бойынша өткізу пунктерін кеңейтуде Қазақстан ауқымды жұмыстар атқарды және инфрақұрылымды дамыту үшін 35 млн доллар инвестиция құйылды. Алдағы бірнеше жылда тағы да 3,5 млрд доллар жұмсалатын инфрақұрылым іске қосылады. Оның ішінде 1300 км жаңа  теміржол желісі салынатынын айта кету керек. Қазір Достық-Мойынты теміржолының екінші желісі, Қытаймен үшінші теміржол өткізу пункті Бақты-Аягөз және Алматы айналма жолы мен Дарбаза-Мақтаарал желісі, сондай-ақ контейнерлік хаб сияқты жобалар іске асуда», – деді ол.  

Орталық дәліздің өткізу қабілетін жақсарту үшін барлық тараппен инфрақұрылымдық келсімідер жасалған. Негізгі инфрақұрылымдық жоба теміржол желісі мен теңіз портын дамыту болып отыр. Форум барысында Транскаспий дәлізі бойынша Қазақстан, Әзербайжан және Грузия теміржол компанияларымен біріккен кәсіпорын ашу жұмысы жүріп жатқаны айтылды. Ол бір терезе қағидасы бойынша жұмыс істейтін болады және жеткізу мерзімі мен құнына кепілдік береді. Бұл Қытайдан Еуропаға бет алған жүк тасымалын арттыра түседі деп болжануда.  

«KTZ Express» АҚ-ның логистика жөніндегі басқарушы директоры Айбек Қапар Орталық дәлізбен тасымалданатын жүк көлемі жыл сайын артып келе жатқанын және жүк тасымалын жылдам жеткізу бағытында сервистік жұмыстар жүріп жатқанын жеткізді. Мәселен, былтыр Транскаспий дәлізінің Қазақстан аумағы арқылы өткен тасымалының  жалпы  көлемі 1 млн 129 мың ЖФЭ құраса, осы жылдың сегіз айында  865 мың ЖФЕ болған.  

«Орталық дәліз әлемде болып жатқан жағдайларға байланысты жылдам дамып жатыр. Қазақстан темір жолы оған көп көңіл бөліп отыр, өйткені құрғақ жолмен тасмалданатын жүктің басым көпшілігін қамтып отырмыз. Біз әлемдік ең ірі логистикалық оператор PS international-мен біріккеен кәсіпорын құрдық. Бұл Оңтүстік-шығыс Азия елдерінен, әсіресе Жапония, Кореядан жүк тасымалына тапсырыс алуға жағдай жасайды. Сондай-ақ сервисті кеңейтіп, Ыстамбұлда филиалын ашу көзделіп отыр. Олар Еуропадан Қытай бағытында жүк тасымалын арттырмақ. Өткен жылы Батыстан шығысқа қарай жүк ағынын арттыру үшін арнайы тарифтік жағдай жасалып, 50 пайыз мөлшерінде жеңілдіктер берілді», – дейді А. Қапар.  

Клиенттерді тартудағы басты критери – жылдамдық, тарифтік шарттар және жүктің қауіпсіз жеткізілуі. Өткен жылы жылдамдық пен тариф жағынан мәселелер болған. Соған байланысты Орталық дәліздегі барлық тараптар келісе келе арнайы шатл сервисті іске қосыпты. Оның басты мақсаты – жеткізу жылдамдығын арттыру. Мәселен, біздің контейнерлік пойыздар Алтынкөлден Грузияның Батуми портына дейін 35-40 күн жүрсе, қазір 10-12 күнде жететін болған. Бұл жүк жөнелтушілер үшін өте ыңғайлы.

Айбек Қапар сервисті дамыту жұмыстары жалғасып жатқанын, ол Грузиялық порттармен шектелмей Еуропадан Қытай бағытына тапсырыс алу үшін қызмет ететінін айтты. Транскаспий дәлізі іске қосылғалы теңіз тасымалы да өз жұмысын жандандырып, клиент тартуда тарифтерді айтарлықтай түсірген. Сондықтан біздің тасымалдаушыларға жеткізу уақытын барынша қысқартып, тариф саясатын тағы бір қарап шығу мәселесі турған сияқты.

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды