Биыл 4 айда теміржол көлігімен 81 млн тоннадан астам жүк тасымалданды

Жүк тасымалы / Инфографика
17.05.2024, 11:21
Оқуға 1 мин

2024 жылдың қаңтар-сәуір айының қорытындысы бойынша ҚТЖ желісінде жүктерді тасымалдау 81,5 млн тоннаны құрады.  Экспортқа 27 млн тоннасы жөнелтілді. Ел ішінде тасымалдау 3,7%-ға, 54,4 млн тоннаға дейін өсті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

4 айда 33,6 млн тонна тас көмір тасымалданды. Оның ішінде қазақстандық тұтынушыларға жеткізілгені  – 25,5 млн тонна. Экспортқа 8,1 млн тонна қатты отын жөнелтілді. Темір жол көлігімен 3 млн тоннадан астам астық тасымалданды, оның 2,3 млн тоннасы экспортқа бағытталды.  

2024 жылғы қаңтар-сәуірде мұнай жүктерін тасымалдау 2023 жылғы көрсеткішке қарағанда 1,6%-ға, 6,2 млн тоннаға дейін, қара металдар 6,4%-ға, 1,4 млн тоннаға дейін, темір рудасы мен марганец 11%-ға, 6,8 млн тоннаға дейін, түсті кен мен күкірт шикізатын 15,7%-ға, 7,8 млн тоннаға дейін ұлғайды.  

Сондай-ақ, мұнай жүктерінің экспорты 15%-ға, 1,9 млн тоннаға дейін, қара металдар 4%-ға немесе 1 млн тоннаға дейін, химиялық тыңайтқыштар 59%-ға, 460 мың тоннаға дейін, темір кені мен марганец 10,9%-ға, 3,7 млн тоннаға дейін, құрылыс жүктері 22,8%-ға, 119 мың тоннаға дейін өсті.

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл