Ақтау порты логистикалық торапқа айналады

Жүк тасымалы
21.06.2024, 10:59
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Ел Президентінің тапсырмасы бойынша басталған контейнерлік хаб салу жобасы Ақтау теңіз портының терминалдық қуатын кеңейте түсері сөзсіз. Сондай-ақ оны жылына 300 мың TEU контейнерлерін өңдеуге қабілетті ТХКБ, Солтүстік-Оңтүстік бағыттарындағы негізгі логистикалық торапқа айналдырады.

Бұл туралы жақында Ақтауда өткен 3 күндік жиында сөз болып, жан-жақты талқыға салынды. Порттың баспасөз қызметінің мәліметі бойынша аталған басқосуда Ақтау мен Ляньюнган порттарының, «ҚТЖ -Экспресс» АҚ және «КИТНГ» жобалау ұйымының мамандары Ақтау портының жобалық контейнерлік хабының технологиялық үдерістерін құрастыру мен үйлестіруді оңтайландыру мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, нысан құрылысының бірінші кезеңі кем дегенде 70-80 мың TEU контейнерлерін өңдеуге мүмкіндік береді екен. Сонымен қатар қажет болып жатса, одан әрі ұлғайту мүмкіндігі бар қуат көздерін құруды көздейді.  

Жоба толық іске асқаннан кейін зор мүмкіндіктерге жол ашылады, оның артықшылықтары да көп. Соның ішінде қазақстандық жүк жөнелтушілерге жеткізу мерзімі жағынан оң әсер етіп, контейнерлік тасымалдарды орта және ұзақ мерзімді жоспарлауға ықпал ететін болады дейді мамандар.  

Еске сала кетсек, Ақтау порты базасында контейнерлік хаб құрылысы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жүзеге асуда. Хабтың салынуы теңіз контейнерлерін кері тиеуді қамтамасыз ету есебінен жүктерді теміржол вагонынан контейнерлерге қайта тиеу алаңын, халықаралық жүк тасымалдау желілерінің контейнерлерін тарту және сақтау орындарын құру арқылы бірқатар мәселелерді шешетін болады.

Былтыр «Ақтау порты базасында контейнерлік хаб салу» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Жоба әлеуетті инвестормен бірлескен кәсіпорын форматында жүзеге асырылуда және ол 2025 жылы аяқталады деп күтілуде.

 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады