Контейнерлік пойыз рекордтық 5 күнде 4486 шақырымдық жолды жүріп өтті.

Жүкті жеделдетіп жеткізу сервисі ағымдағы жылдың сәуір айында Хива қаласында Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің Қытай – Қазақстан – Өзбекстан бағдары бойынша жүк тасымалдарын ұйымдастыру және Трансауған бағытын дамыту туралы қол жеткізген уағдаластықтары шеңберінде ұйымдастырылды.  

Жүк құрамы Сиань қаласы портындағы қазақстан-қытай терминалынан жөнелтілді. Контейнерлер KTZE Khorgos Gateway Құрғақ портында қайта тиелді және ҚТЖ желісі бойынша Сарыағаш шекара маңы станциясына, одан әрі соңғы нүкте – Орталық Азияның ірі көлік хабы Ташкент станциясына дейін жүруді жалғастырды.  

Жүкті тасымалдаудың қысқа мерзімі ҚТЖ-ның Қытайдағы терминалдық мүмкіндіктерін пайдаланудың, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан теміржол әкімшіліктерінің екі елдің шекара маңындағы инфрақұрылымын кеңейту бойынша дәйекті өзара іс-қимылының арқасында қамтамасыз етілді. Технологиялық процестерді реконструкциялау және жетілдіру есебінен Сарыағаш мемлекетаралық түйісу станциясының өткізу қабілеті 50% ұлғайды, ол арқылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы негізгі жүк ағыны өтеді.  

Теміржол компанияларының активтерін пайдалана отырып, оңтайлы маршрутты дамыту көлік-логистикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге және екі елдің әріптестігін тереңдетуге елеулі серпін береді.  

Анықтама: 2023 жылы елдер арасында жүк тасымалдау көлемі 31 млн. тоннадан асты, 2022 жылмен салыстырғанда 17,2% ұлғайды.