Елдің теміржол саласы көмір тасымалдайтын жаңа 185 локомотивпен толықты, деп хабарлады 24kz.
Қазіргі уақытта қатты отынды тасымалдауға 20 мыңнан астам ашық вагон тартылған. Сонымен қатар 3 мыңға дейін жеке операторлардың вагондарын қолдануға мүмкіндік бар. Жылжымалы құрамның жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ жылу беру маусымына дайындық аясында негізгі көмір тиеу станцияларына апаратын жолдарда жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Қызылжар, Дегелең, Үшқұлын, Нұра және Екібастұз станцияларына дейінгі 103 шақырым теміржол жөндеуден өтті.