Семейде көмір тасымалы қарқынды жүріп жатыр

Жүк тасымалы
23.08.2024, 10:59
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Шығыста көмір тасымалы қарқын ала бастады. Семейлік теміржолшылар аймақты көмірмен қамту мақсатындағы шараларды күшейтіп, әсіресе жүк пойыздары құрастырылып, вагон сұрыптау жұмыстары тұрақты жүргізілетін Дегелең мен Жаңа-Семей, Семей станциясына біршама салмақ түсуде.

Жалпы, Семей ЖТ бөлімшесі бойынша жүк тасымалының негізгі басым бөлігін көмір жеткізу құрайды. Жүктің бұл түрін тиеу мен түсірудегі жұмыстар тіпті жазғы мезгілдің өзінде күн тәртібінен түскен емес. Биылғы жылғы жоспарлы шаралар пысықталып, отын тасымалындағы нақты көлем межеленген. Қазіргі уақытта жергілікті операторлар мен «Қаражыра» АҚ басшылығымен кездесулер өткізіліп, көмірді уақытында жеткізу мәселесі жиі талқылануда.  

Анықталған жайт, бір ғана Абай облысының көмірге деген жалпы қажеттілігі 1 млн 248 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде: жылу көздері үшін 595 мың, жеке сектор үшін 567 мың, әлеуметтік нысандар үшін 85 мың тонна. Қатты отын облыс көлеміндегі теміржол тұйықтары арқылы босатылатын болады. Қазіргі таңда облыс бойынша 44 қазандық, 330 дербес қазандық бар. Олардың барлығына көмір жеткізілуде.  

Сонымен қатар атқарушы билік өкілдері Семей ЖТ бөлімшесі басшылығымен бірлесіп теміржол тұйықтарына тексерулер жүргізуде. Қазіргі уақытта барлық қоймалар жылыту маусымына толығымен дайын. Әрқайсысына күн сайын 5 вагон көмір жеткізілуде. Бұл көлемді жылыту маусымы қарсаңында тәулігіне 9 вагонға дейін арттыруға мүмкіндік бар. Тасымалдау 1 шілдеден басталған болатын.  

Ең бастысы, тұрғындар қыркүйек-қазан айларында көмірдің жетіспеушілігін болдырмау үшін көмірді алдын ала сатып ала алады. Қазіргі күні теміржол тұйықтарындағы көмірді босату бағасы тоннасына 14 700 теңгені құрайды. Бұл – республика бойынша ең төмен баға. Облыс бойынша көмір сатумен айналысатын 8 теміржол тұйығы жұмыс істейді.  

Мамандардың ақпараты бойынша көмір бағасына мониторинг жүргізіліп, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданатын болады. Олар тарапынан тұрғындарға жылыту маусымы басталған шақта көмір тапшылығы болмас үшін жаз айларында көмір сатып алуға кеңес берілуде.  

Қазіргі таңда тамыздың 15-і күнгі жағдай бойынша облыс бойынша барлық теміржол тұйықтарында жалпы көлемі 8100 тонна қатты отын бар. Тасымал көлемі алдағы уақыттарда біртіндеп ширатыла беретін болады.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті