Сандық технологияға көшудің арқасында Атырауда жүк тасымалының жылдамдығы артты

Жүк тасымалы
23.08.2024, 11:05
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Еліміздегі өндірістік аймақтың бірі саналатын Атырауда бүгінде бірнеше индустриалды-инновациялық жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Олардың дені аймақта теміржол арқылы жүк тасымалын арттырумен қатар көлік логистикасын дамытуға ықпал етеді.

Қазақстанның мұнай-газ саласының негізгі міндеттерінің бірі – кері айдалатын ілеспе газды, әсіресе Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ сынды ірі мұнай-газ жобаларындағы газды қайта өңдеу және коммерцияландыру. Осы салада өңірде іске асырылып жатқан жобалар ішінде Теңіз кен орнындағы газдан пропан (полипропилен өндірісі), этан (полиэтилен өндірісі) және бутан (бутадиен өндірісі) өңдеу, сондай-ақ Қашаған кен орнында газ өңдеу зауыттарын салу. Қазіргі таңда Атырау облысында Қарабатандағы арнайы экономикалық аймақ аумағында Теңіз кен орнына жақын жерде орналасқан полипропилен өндіру зауыты салынып, іске қосылды. Полиэтилен жобасын да осында орналастыру жоспарда бар. Ескене газ өндіру зауытының да құрылысы жүріп жатыр. Аталған жүк жөнелтушілер 2025 жылы Қарабатан станциясына 2,5 млн полиэтилен, бутадиен сынды жүк жөнелтуді, сондай-ақ Ескене станциясынан 1,5 млн тонна газ жөнелтуді жоспарлап отыр. Міне, осы жобалар өңірдегі теміржол тасымалына оң әсер етіп, алдағы уақытта Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша жүк айналымы көлемі артады деген болжам бар.  

Бөлімше үшін биылғы жыл табыссыз емес, екінші тоқсан да нәтижелі болды. Техникалық жоспарға сай жүк түсіру тәулігіне 251 вагон болса, көрсеткіш 280 вагонға жетіп, меже 111,6%-ға қамтылды. Ал тиелген жүк көлемі 6 млн 900 мың тоннаны құрап, жоспар 113,4 пайыз болып, межеден асып түсті. Өңір теміржолшыларының бұл межені алдағы жартыжылдықта да ұстап тұруға мүмкіндігі бар. Себебі ішкі және экспорттық жүк жоспарының болжамы жоғары. Мәселен, Теңдік станциясы бойынша жүк тасымалдаушы «БатысТрансГрупп» ЖШС-нің жарты жылға қабылдаған міндеттемесі 2 миллион 281 мың тонна, сонда тәулігіне тиелетін жүк көлемі 12,4 мың тонна шамасында болады деп күтілуде. Онда негізінен бензол, параксилол, мазут, кокс, автокөлік бензині, дизель және реактивті отындары, газойл тәрізді мұнай өнімдері тасылады. Ал Қарабатан станциясынан «Теңіз көлік компаниясы» мен «Исткомтранс» ЖШС бірлесіп жүк көлемін 975 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр, мұнда орта есеппен тәулігіне 4755 тонна жүк жөнелтіледі. Сол сияқты «Питиси Холдинг» ЖШС пропилен дайын өнімін 156861 тонна көлемінде немесе тәулігіне орта есеппен 852 тонна жүк тиеуге мүдделі. Жүкті контейнер арқылы тасымалдайтын «РТС Холдинг» ЖШС болса тәулігіне 852 тонна жүк тиелуін қамтамасыз етпекші. Құлсары станциясынан «Теңізшевройл» ЖШС 2,3 млн тоннадан астам пропан-бутан, мұнай, күкірт тәрізді мұнайдан алынған өнімдерді тиеп, діттеген жеріне жеткізуді көздейді.  

Сонымен қатар бөлімшеде сандық технологияға көшу арқасында жүк тасымалының жылдамдығын арттырып, вагондардың бос тұрып қалу уақытын мейлінше қысқарту мақсатында қолданыстағы құрылғылардың басым бөлігінің жұмысы оңтайландырылған. Сол арқылы біршама қаржы үнемделіп, экономикалық тиімділік те артқан – негізгі қызметтен түскен табыс көлемі жарты жылда 37,5 млрд теңгеге жуықтап, былтырғы деңгейден 27,9 %-ға жоғарылаған. Сол секілді кейбір жүк жөнелтушілердің тиеуге берілген вагондарды (барлығы 12287) игере алмауы және уақытында төлем жасамауынан оларға әкімшілік шара қолданылып, 66 миллион 561 мың теңге көлемінде айыппұл өндірілген.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті