ТХКБ: бірлескен шаралар күшейтілуде

Жүк тасымалы
03.09.2024, 19:48
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Транскаспий дәлізі бойындағы серіктес елдермен бірлескен шаралар күшейтілуде. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында Үкімет Қазақстан, Әзербайжан, Түркия және Қазақстан мен Грузия арасындағы 2027 жылға дейінгі кедергілерді жою және Орта дәлізді дамыту жөніндегі Жол картасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Бұл дәліздің өткізу мүмкіндігін жылына 10 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Шығыстан Батысқа транзиттік жүктердің жеткілікті көлемін қамтамасыз ету үшін 2023 жылғы қарашада Қытаймен Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, соның ішінде Қытай мен Еуропа арасындағы контейнерлік пойыздар бойынша бірқатар келісімге қол қойылып, бұл келісімдер 2024 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланды. Бағыттың тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оның бүкіл бойында бірыңғай мультимодальды сервис құрылды.  

Қазақстан, Әзербайжан және Грузияның теміржол әкімшіліктері арасында «Астана» Халықаралық қаржы орталығының базасында біріккен көлік-логистикалық компаниямен ұқсастық бойынша бағытты жүйелі пайдалану үшін Middle Corridor Multimodal Ltd бірлескен кәсіпорны құрылды. Бұл процесте көлік операцияларын цифрландыру әрі оңтайландыру, соның ішінде шекарадан өту және терминалдық процедуралар маңызды рөл атқарады. «Бірыңғай терезе» қағидаты бойынша логистикалық сервисті жақсарту «Global DTC Kazakhstan Ltd» (PSA мүшесі) әзірлеген DTC (Digital Trade Corridor) – Tez customs платформасының Кедендік модулімен «ҚТЖ» ҰК» АҚ IT-жүйелерін техникалық интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілді. 2023 жылғы 5 желтоқсанда ҚТЖ мен Global DTC Kazakhstan Ltd арасындағы DTC платформасын енгізу бойынша өзара іс-қимылдың Жол картасы бекітілді. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Әзербайжан темір жолдарының ақпараттық жүйелері платформаға біріктірілген, сонымен қатар Грузия теміржолдарымен осындай жұмыстар пысықталуда.  

2023 жылы «Xi'an Free Trade Port Construction and Operation Co.Ltd» компаниясы және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның («Кедентранссервис» АҚ өкілі) қатысуымен құрылған «Қытай-Қазақстан сауда-логистика компаниясы» ЖШС бірлескен кәсіпорны аясында Сиань қаласының құрғақ портында терминал салынды. 2024 жылғы 28 ақпанда ашылған терминал Қазақстан бағытында жүретін барлық контейнерлік пойыздардың 40%-ын біріктіреді, бұл ТХКБ бойынша транзиттік тасымалдардың айтарлықтай өсуіне ықпал етті. Жыл басынан бері Қытайдан ТХКБ транзиті екі есеге жуық өсім көрсетті.  

2023 жылдың қорытындысы бойынша ТХКБ бағытымен тасымалдау көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 65%-ға артып, 2,76 млн тоннаны құрады (2022 жылы – 1,7 млн тонна). Ал биыл, 2024 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда (1,57 мың тонна) 63%-ға артып, 2,56 млн тоннаны құрады. Бұл жетістіктер серіктестермен бірлесіп жұмыс істеудің тиімділігін көрсетеді және Орта дәлізді дамытудың маңызын растайды. Оның тұрақты әрі бәсекеге қабілетті бағыт ретінде қалыптасуына дәліз бойындағы елдер ғана емес, сонымен қатар ОңтүстікШығыс Азия, Парсы шығанағы және Еуропа аймақтары да қызығушылық танытып отыр.

 

Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес
Аймақтар
10.08.2026
Тараз филиалының күзет қызметкерлері жаңа формамен толық қамтылд
Жаңалықтар
10.08.2026
ҚТЖ жүк тасымалында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруды талқылады
Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды